Сұрақ-жауап Егер анасы жоғалып кетсе – Азаматтық некеден сәбиім бар, ол менің фамилиямда (біз АХАТ-тан әкелікті анықтау процедурасынан өттік). Уақыт өте сәбидің анасы хабар-ошарсыз жоғалып кетті. Бұл туралы сот шешімі бар. Бұл жағдайда сәби асыраушысынан айырылуына байланысты жәрдемақы алуға үміткер бола ала ма? Егер бола алса, қайда хабарласу қажет? Маған сәбиге қамқоршы болуды рәсімдеу керек пе? 28 наурыз 2012, 19:20 1 943 рет қаралды
Сұрақ-жауап ПИК-тің міндеті қандай? – Меншік иесі, егер онымен ПИК арасында келісім-шарт жасалмаған болса, пайдалану шығындарын төлеуге міндетті ме? ПИК міндетіне не кіреді, біз қандай қызметтерді талап етуге құқылымыз? 28 наурыз 2012, 19:26 3 362 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бала жұмысқа бөгет болмайды – Мені кішкентай балам болғандықтан бірнеше мекеме жұмысқа қабылдаудан бас тартты. Жұмыс берушілер жұмыстан жиі қалып қояды және қажет болған жағдайда жұмыстан кейін жұмыс істеуден бас тартады деп қауіптенеді. Олардың бұнысы заңды ма? 21 наурыз 2012, 13:50 4 456 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек келісім-шартының ережелері – Жұмыс беруші мекемеміздің Теңіз кенішіндегі негізгі мердігермен жасалған келісім-шартының мерзіміне сәйкес етіп, бізбен еңбек келісім-шартын жасады. Бұл туралы келісім-шартта көрсетілген. Келісім-шарт мерзімі өткеннен кейін (екі айдан соң) жұмыс беруші бізбен еңбек қарым-қатынасын тоқтатып, жұмыс көлемінің біткенін түсіндірді. Жұмыстан босату туралы бұйрықта «еңбек келісім-шарты мерзімінің бітуіне байланысты, Еңбек Кодексінің 51-бабының 2-тармағы» деп көрсетілген. Қазір біз жұмыссыз қалдық. Жұмыс берушінің әрекеті заңды ма? 11 қаңтар 2012, 21:06 11 352 рет қаралды
Сұрақ-жауап Түнгі тариф туралы түсіндірме – Үстеме жұмыстар мен демалыс және мереке күндеріндегі жұмыс қалай төленеді? Демалыс және мереке күндері жасалған жұмыс үстеме жұмыстарға жата ма? 11 қаңтар 2012, 21:19 6 739 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жұмыстан өз еркімен кету – Мен кәсіпорында 2 жылдай еңбек еттім. Штат қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі бұйрықпен мені жұмыстан шығарды, бірақ, алдағы қысқарту жөнінде мен тек бір ай бұрын ғана білдім. Әрине, мен мұнымен келіспедім де сотқа шағымдандым. Қалалық соттың шешімімен менің талап арызым қанағаттандырылмай қалды. Менің жұмыстан шығарылуым мен соттың шешімі заңды ма? Бұл тұрғыда прокуратураның пікірі қандай? 23 қараша 2011, 20:56 2 934 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күйеуім мүлікті жасырыпты – Ажырасқан кезде күйеуіміз екеуміз ортақ мүлкімізді бөліске салған едік. Бірақ жақында осыдан екі жыл бұрын некеде тұрған кезімізде күйеуімнің маған айтпай жер учаскесін сатып алғанын және мүлікті бөлісу кезінде оны жасырып қалғанын білдім. Сондай-ақ, күйеуім екеуміз менің атыма көп сомада тұтынушы несиесін алған едік. Оны отбасы мұқтаждығы үшін жұмсадық. Бұрынғы күйеуім қазір осы несиені өтеуге көмектеспей отыр. Күйеуім сатып алған жер учаскесінің бір бөлігін ала аламын ба және бұрын отбасы мұқтаждығы үшін алынған несиені төлеуге қатысты мәселе қалай болмақ? 9 қараша 2011, 19:12 2 366 рет қаралды
Сұрақ-жауап Күйеуге шыққым келеді - Менің азаматтық некеде тұрып жатқаныма сегіз жыл болды. Жолдасыммен заңды некеге тіркелгім келеді. Заңды некеге тіркелейін десем, жолдасым бұрынғы әйелімен заңды түрде әлі ажыраспаған. Заңды некедегі әйелі 10 және13 жастағы екі баласымен Алматыда тұрады. Азаматтық некедегі күйеуім екі баласына соңғы екі жыл бойы алименттің 50 пайызын төлеп келеді. Ал алдыңғы алты жыл бойы төлемеуінің себебі– заңды некедегі әйелінің өзі алименттен ауызша бас тартқан болатын. Дәл осындай жағдайда заңды некеге тұруға бола ма? Және бұрынғы заңды некені қалай бұзуға болады? 26 қазан 2011, 19:27 3 179 рет қаралды
Сұрақ-жауап Өндірістік жарақат деп нені айтуға болады? - Мен бұрын шетелдік компанияда жұмыс істедім. Екі жыл бұрын жұмысқа кетіп бара жатқанда оқыста аяғым тайып кетіп құлап, арқамды ауыртып алдым. Жұмыста жүріп омыртқамның ауырғанын сезініп, жүре алмай қалдым. Осылайша, үш ай емделіп жаттым. Ресейден де қаралдым. Осы басымдағы жағдайымды компания басшылығына жеткіздім. «Фастфуд» жағына ауыстыруын сұрасам, басшы «Істесең істе, әйтпесе шық» деді. Ал «Доктор плюс» клиникасының дәрігерлері сол кезде маған жеңіл жұмысқа ауыстыру туралы қағаз жазып берген болатын. Мен әлі күнге дейін ем алу үстіндемін. Осы жағдайда қандай әрекет еткенім орынды? 26 қазан 2011, 19:38 10 316 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақым дұрыс есептелген бе? - Мен 1944 жылдан 1988 жылға дейін колхозда мал бақтым. Кейін мал шаруашылығындағы еңбегім үшін 45 жылдық еңбек өтіліммен зейнеткерлікке шықтым. Жалақым ол кезде 352, 35 сом. Маған тағайындалған 14 646 теңге зейнетақымды дұрыс есептелмеген деп санаймын. Оны қалай анықтауыма болады? Өтінемін. 6 қазан 2011, 11:57 2 335 рет қаралды
Сұрақ-жауап Қарызды алу оңай, беру қиын – Танысыма ешқандай нотариалдық расталған қолхатсыз ірі сомада қарызға ақша берген едім. Енді өкініп отырмын. Уәде еткеніне қарамастан, ол ақшаны беруге асығар емес. Дәлел ретінде тек sms арқылы жазысқан хабарламалар ғана бар. Қайдан көмек сұрауға болады? 15 қыркүйек 2011, 23:23 3 733 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шатақтан аулақ жүрсең, шартты мерзімге ілінесің - 25 жылға бас бостандығынан айырылған және жазасын қатаң режимді колонияда өтеуге сотталған адам ұстау талаптарын өзгерту туралы өтінішті неше жылдан соң бере алады (колония-қоныстану немесе шартты-мерзімді босату) және оның қандай тәртіптері бар? 18 тамыз 2011, 22:57 2 186 рет қаралды
Сұрақ-жауап Есеппен ажырасу – Әйелім айқай шығарып, баламды алып, шешесінің үйіне кетіп қалды. Ол алимент алу үшін шағымданған, сот болса мән-жайдың анық-қанығына жетпестен, оның талабын қанағаттандырды. Міне, екі ай болды әйелім баламды менен жасырып, екеуміздің кездесуімізге кедергі келтіріп келеді. Мен алиментімді адал төлеп отырмын. Бірде... 11 тамыз 2011, 20:28 3 464 рет қаралды
Сұрақ-жауап Адвокатпен де келісім-шарт жасасу керек – Сәтбаев даңғылы бойындағы қалалық сотта кезекші адвокат ақылы кеңестер жүргізіледі. Бірақ, келушілерге не түбіртек, не чек берілмейді. Адвокат неліктен өз қызметін еш рәсімдеусіз жүргізіп отыр? Және екінші сауал: мен осы адвокатқа қызымның бұрынғы күйеуінен жастары кәмелетке жетпеген балаларына алиментті төлеттіру үшін 2 мың теңгені төлегенде сақтық шараларын ойластырмай қалған сияқтымын. Адвокат болса, өз міндетін орындамады, ол аз дегендей, бұрынғы күйеу баламның жұмыс істейтін кәсіпорынына оның қашан баратындығын сұрағанымда, ол маған баруға кеңес берді. Әдетте, бұл адвокаттың өз міндеті болып есептелмей ме? 28 шілде 2011, 22:17 4 462 рет қаралды
Сұрақ-жауап Еңбек дауы сотпен шешіледі – Мен ұзақ уақыт бойына Алматы қаласында тіркелген ірі АҚ-лардың бірінің атыраулық филиалында жұмыс істедім. Еңбек келісім-шарты жергілікті филиалмен жасалды. Филиал толыққанды жұмыс жүргізетін және оның өзінің мүлкі (көлігі, жылжымайтын мүлігі) бар болатын. Мен жұмыстан кеткеннен кейін ақырғы есеп-айырысуға қатысты дау туындады. Сотқа бермекші едім, бірақ маған ол үшін Алматы қаласына барып, талап арызды сол жерге беруге тура келетінімді, өйткені АҚ-ның бас кеңсесі Алматыда екендігін айтты. Айтыңызшы, менің еңбек дауымды Алматы қаласында қарау міндетті ме, әлде осы жерден, Атыраудан талап-арыз беруіме бола ма? 21 шілде 2011, 01:58 2 455 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жерге қатысты мәселе заңмен ғана шешіледі – 2006 жылы жер алып, үй салдым. Оң жақтағы және сол жақтағы көршілерім де үй салды. Жақында әлдебір шаруашылық істерімен айналыспақ боп, өз учаскемді өлшеп қарағанмын. Ол жобадағыдан кішкентай боп шықты. Ал мен сәулет қызметкерлері қаққан қазық бойынша шарбағымды қоршаған едім. Мен енді сот тәртібімен өз учаскемді жобаға сәйкес өзгертуді талап ете аламын ба? Ал егер оң жақтағы көршім өз учаскесін ығыстырғысы келмесе немесе маған ақшалай өтемақы ұсынса, мен оны заң бойынша қабылдай аламын ба? 14 шілде 2011, 22:36 2 656 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көлік оқиғасының бас кейіпкері – Біреудің кінәсінен әлденеше рет жол-көлік оқиғасына қатысушы болдым. Кінәлілер көлігімнің бүлінген жерлерін жөндеп, боятып береді. Бірақ дәл өзінің түсін таба алмайды. Жол-көлік оқиғасына кінәлі адамнан көлікті толықтай бояу ақысын талап ете аламын ба? 14 шілде 2011, 22:53 2 421 рет қаралды
Сұрақ-жауап Алдап соққан акция – Өткен жылдың қыркүйек айында мен «Хаггис» компаниясының «Получи большой домик» акциясына қатыстым. Олар 8 штрих-кодқа балалар үйшігін беруге тиісті болды. Компания өкілдері «Атаба» дүкендер желісінде тұрды. 8 қорап «Хаггис» өнімін сатып алу керек болатын. Бірақ, сол кезде маған және басқа да қатысушыларға үйлердің қолда жоқ екендігін айтты. Біздің телефондарымызды жазып алып, Алматыдан келген бойда байланысуға уәде етті. Алайда, күні бүгінге дейін ешкім де хабарласқан жоқ және көрсетілген телефондары жауап бермейді. Мен өз акцияларының талаптарын орындамаған «Хаггис» компаниясына шағымдана алам ба? 30 маусым 2011, 18:50 2 947 рет қаралды
Сұрақ-жауап Шаштараз жөнінде кімге шағымданбақпын? – Көршім 1-ші қабаттан шаштараз ашты. Және оның жалғап салған құрылысы тура менің үйімнің терезесінің алдына келді. Алайда, мен жанама құрылыс үшін ешқандай келісімімді бергенім жоқ. Тікелей шаштаразға жақын орналасқан көрші пәтер иелерінің келісімі хаттамада жоқ деген күдігім бар. Жанама салынған құрылыстың күнқағарында үнемі күл-қоқыс жиналады да қалады: құрғақ бұтақтар, шаң-тозаң және басқалар. Көршімнің әрекетіне орай мен қайда шағымдана аламын? 30 маусым 2011, 19:02 2 578 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көмекшінің лицензиясы болуы керек – Жеке сот орындаушысы әлдекімдерді көмекші немесе сынақ мерзімінен өтуші ретінде жұмысқа тартуға құқылы ма? Жеке сот орындаушысының көмекшісінің арнаулы лицензиясының болуы тиісті ме? 30 маусым 2011, 19:10 3 110 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сыйға тартылған пәтерден үміттенбей-ақ қойыңыз - Осыдан үш жыл бұрын күйеуім 10 жастағы қызына пәтерді сыйға тартты. Ол пәтерді біз некелескен кезде сатып алған едік, пәтерді қызмыздың атына рәсімдегеніне мен қарсы болған жоқпын. Енді біз ажырасып жатырмыз, күйеуім болса, мүліктің бәрін соның ішінде қызына сыйға тартқан пәтерді де бөліске салғысы келеді. Ол мүліктің барлығы ортақ деп есептейді. Қызымның жасы әлі кәмелетке жете қойған жоқ және біз сол пәтерде тұрып жатырмыз. Сыйға берілген пәтерді бөлуге бола ма? 23 маусым 2011, 20:01 4 091 рет қаралды
Сұрақ-жауап Пәтеріңді кепілге салсаң – бәріне дайын бол - Банк несие бойынша борышкер болғандарды кепілдікке салынған пәтерден соттан тыс тәртіп бойынша мәжбүрлеп шығаруға құқылы ма? Егер кепілдікке салынған пәтерде жастары кәмелетке толмаған балалар тіркеліп, тұрып жатса және ол пәтер отбасының жалғыз ғана жылжымайтын мүлігі болып табылса не істеуге болады? 23 маусым 2011, 00:20 2 674 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көршіңізден құқай көрсеңіз... – Пәтерімді үнемі жоғарыдағы көршім суға кетіреді. Ал ПИК мұны еш елең қылмайды. Өздерің акт жасап, қалғандарын өздерің жасаңдар дейді... Менің білуімше, олардың қатысуынсыз мұндай актіні заңды тұрғыда дұрыс деп есептеуге болмайды. Менің және жұбайымның жасы 80-нен асып кеткен. Ненің қалай екенін анықтап жүрудің өзі қиын. Көмектессеңіздер. 16 маусым 2011, 00:51 2 740 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кафе салуға кім рұқсат берген? – Өткен жылы Авангард ықшам ауданындағы №24 үйдің жанындағы балалар алаңының орнынан екі қабатты қоғамдық тамақтану ғимараты салына бастады. Қазір құрылыс тоқтап қалды. Үйіміздің негізгі коммуникациясының болашақ кафе іргетасының дәл астында орналасқаны бізді алаңдатады. Қалалық әкімдіктегілер құрылыстың сот ісіне байланысты уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Біз мынаны білгіміз келеді: балалар алаңын кері қайтара ма және жалпы сәулет басқармасындағылар көппәтерлі тұрғын үй коммуникациясы өтетін жерге кафе салуға қалай рұқсат берген? 16 маусым 2011, 01:14 2 242 рет қаралды
Сұрақ-жауап Әнтек әрекеттің әлегі - 29-сәуірде коммерциялық кассалардың бірінен теміржол билеттерін сатып алған едім. Сатып алар кезде кассирге Шетпеге 6-мамыр күні таңертең жетіп және сол күні кешкісін кері қайтуымыз керектігін, бізбен бірге егде тартқан үлкен адам бар екендігін әлденеше рет түсіндірдім. Кері қайтарда кассирдің бізге Шетпе - Атырау бағытындағы билеттерді 6-мамыр күні сағат 00.25-те жүретін пойызға, яғни бір тәулік бұрын өтіп кеткен бағытқа жазып бергенін анықтадық. Айқай-шумен әжемізді қасына еріп жүрген адаммен бірге пойызға мінгізіп жібердік. Бірақ оларды Бейнеуде вагоннан түсіріп тастапты. Атырауға дейін олар әрі қарай таксимен жеткен. Жүйкені жұқартқан әбігердің, жол азабының салдарынан әжеміз ауырып қалды. 19 мамыр 2011, 18:29 2 233 рет қаралды
Сұрақ-жауап Көршіңіздің келісімі қажет - Екі үйлік бір қабатты үйде тұрамын. Өз бөлігімнің үстінен екінші қабатты салғым келеді, алайда, көршім өз келісімін бермей отыр. Ондай жағдайда не істеуге болады? 19 мамыр 2011, 18:31 3 041 рет қаралды
Сұрақ-жауап Міндетті түрде түбіртек сұраңыз – Наурызда қала дүкендерінің бірінен 13 000 теңгеге туфли сатып алған едім. Маған чек берген жоқ. Туфлиді тек сәуірде ғана кидім, өйткені оған дейін күн салқын болған еді. Бір апта өтпей туфлиім жыртыла бастады. Мен оны дүкенге апарып едім, ондағылар қабылдамады. Тіпті дүкен қожайынының есімін атағылары да келмеді. Талабымды кімге қоярымды білмей жүрмін... 11 мамыр 2011, 18:53 5 824 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бұл бала мұраға құқылы – Менің ата-анам кішкентай кезімде ажырасып кеткен. Әкемді тіпті, ата-аналық құқығынан айырған. Жақында әкем қайтыс болды. Оның артында әке-шешесінен қалған үш бөлмелі пәтері қалды. Сол пәтерге бірден әкемнің қарындастарының бірі көшіп келді, мен де бұл пәтерге қатысты өз құқымның бар екендігін айтуға тырысқанымда, ол маған әкемнің ата-аналық құқығынан айырлығандығын дәлел ретінде алға тартты. Анам менің олармен байланыспағанымды қалайды, алайда, мен әкемнің бізге еш уақытта көмектеспегендігінен бұл іске барып отырмын. Әкемнің мұрасынан иеленуге менің құқығым бар ма? 27 сәуір 2011, 20:34 3 203 рет қаралды
Сұрақ-жауап Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма? 20 сәуір 2011, 22:19 2 297 рет қаралды
Сұрақ-жауап Ақшаңызды кассадан ұзамай тұрып тексеріңіз! Осынау кеңестік дәуірдегі ұран сөзі әлі күнге маңызын жойған жоқ. Өйтпеген жағдайда азаматтар келеңсіз жағдайға, мәселен, біздің кездейсоқ жалған ақшаның иесіне айналған оқырманымыздың күйін құшуға тура келеді. Дүкенде оны кері қабылдамаған, құқық қорғау органдары өтінішін алмаған, базардан әлдебір нәрселерді сатып алып, жалған ақшадан құтылуға ар-ұяты жібермеген, ал, әмиянда жалған ақшаны сақтағысы келмеген. 13 сәуір 2011, 21:34 2 808 рет қаралды
Сұрақ-жауап Сотқа жүгінген жөн - Менің ағам нотариус арқылы азаматтық некеде 25 жыл бірге тұрған әйеліне пәтерін сыйға беру құжатын рәсімдеді. Кешікпей әйелі қайтыс болды. Жерлеу рәсіміне көп жылдан бері араласпаған ұлы келіп, сыйға қалдырылған үй туралы білген соң тездетіп мұралық істі рәсімдеді. Кетіп бара жатып, ол жарты жылдан кейін өз пәтеріне қайта оралатынын ескертті. Зейнеткерлік жастағы ағамның далада қалатынын сезіп жүрмін. Сыйға тартудың күшін жоюға бола ма? 6 сәуір 2011, 19:51 2 786 рет қаралды
Сұрақ-жауап Заттай дәлелдемелер туралы іс - Жақында менің бұрынғы күйеу балам тұтқынға алынды. Ол мінген көліктен тыйым салынған заттар табылған. Оны қылмыстық іс материалдарына заттай дәлелдемелер ретінде тіркеген. Алайда көлік маған тиесілі, ал ол тексенімхат бойынша басқару құқығымен ғана жүргізіп жүр. Машинаны маған ақыры қайтармады, ал алу хаттамасының көшірмесін бұрынғы күйеу балама берген. Оның үстіне, тергеуші Бектұрғанов маған машинаны тексеріп шығуға, оның дұрыс күйде екеніне көз жеткізуге бермеді, заттай дәлелдеменің жағдайы – спидометрдің көрсеткіші, бензин мөлшері, майысқан жерінің бар-жоғы туралы куәландыратын ешқандай құжат бермеді. Алайда бұған менде қала прокурорының қолы қойылған тиісті хаты бар. Маған оны дұрыс күйде қайтаратындығына кепілдік бар ма? 30 наурыз 2011, 20:35 5 180 рет қаралды
Сұрақ-жауап Бейнетаспаны көруіме бола ма? - Баймұханов көшесінде мені жол полициясының қызметкері ұстап алды. Рация арқылы оған жедел басқару орталығынан менің көлігім реттелмейтін жаяулар өткелінен жүргіншіні өткізбеді деп хабарлапты. Мен шынымен осы өткелден өттім, бірақ алдын ала бүкіл жаяу жүргіншілерді өткізген едім. Жол полициясының қызметкері орталыққа рациямен хабарласып, жағдайды түсіндірді. Бірақ ондағылар менің машинам сол жақ жолақта тұрып орнымнан қозғалған кезде, жолдың оң жағынан жаяу жүргіншілер қозғала бастаған деді. Мен жедел басқару орталығының қосынына барғым келген, алайда қызметкер қазір жүргізушілерге бейнежазба көрсетілмейтіндігін, әуелі ол хаттаманы рәсімдеуі қажеттігін, содан кейін онымен дауласа алатынымды айтты. Осыған байланысты менде бірнеше сұрақтар туындады: менің ереже бұзған-мыс бейнежазбамды көруге құқығым жоқ екені рас па? 9 ақпан 2011, 00:00 2 967 рет қаралды
Сұрақ-жауап Жазылмаған ереже - Мен Атырау стационарларында (ақылы және тегін негізде) әлденеше рет емделдім. Қай жерде де пациенттің қолына анализдер туралы мәліметтер мен рентген және УЗИ суреттерінің сипаттамасы берілген көшірмені ғана береді. Ал суреттерді дұрыс «оқи алу» керек қой. Мәселен, қызым қолын сындырып алғанда, қалалық емхананың дәрігері рентген суретінен сызат байқамады. Ал... 9 ақпан 2011, 00:00 2 810 рет қаралды
Сұрақ-жауап Кері талап қоя аласыз - «Мерседес» және «Ниссан» екі автокөлігі соғысқан кезде, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен «Мерседес» автокөлігінің жүргізушісі кінәлі болып шықты. Оның үстіне қолында машинаны жүргізуге құқық беретін сенімхаты жоқ. ҚР ҚК 296-бабының 1,2,3 – бөлімдері бойынша (зардап шегуші орташа ауырлықтағы жарақат алды) кінәлінің үстінен қозғалған іс екі тараптың ымыраласуына байланысты тоқтатылды. 26 қаңтар 2011, 00:00 3 924 рет қаралды