Атырау, 12 қазан 14:33
 ашықВ Атырау +12
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Зейнетақы қорындағы ақшамды заңсыз аударып алыпты

2 154 просмотра

Жұмыс барысында жарақат алып мүгедек болып қалған баланы дәрігерге көрсету қамымен зейнетақы қорындағы ақшаны алу мүмкіндігін қарастырған едім. Бірақ «Ұлар Үміт» зейнетақы қорындағы баламның зейнеткерлік төлемін Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының (ГНПФ) балама ескертусіз және келісім шартсыз құйып алғанын естіп таң қалдым. Мәселе сотқа берілді. Алайда Мемлекеттік зейнетақы жинақтау қорының Атыраудағы филиалы басшысы бірнеше мәрте қатарынан сотқа келмей жүр. Сот  жауапты адам келмесе шешім қабылдай алмай ма?  

Бұл сауалға жауапты Атырау облыстық сотының судьясы Г.ҚАРАБАЛИНА береді.

- Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 187-бабына сай сот отырысының уақыты мен орыны туралы тиісінше хабарланған іске қатысушы адамдардың қайсыбірі келмеген жағдайда, егер олардың келмеу себептері дәлелсіз деп танылса, сот істі қарауға құқылы. Сондай-ақ хабарланған жауапкер болмаған жағдайда, сырттай  іс жүргізу тәртібімен, егер келмеу  себептерін дәлелсіз деп тапса, не жауапкер іс бойынша  іс жүргізуді қасақана созып отыр деп таныса  сот істі қарауға құқылы. Сонымен қатар, осы Кодекстің  261-бабына сай сот сырттай  іс жүргізу тәртібімен  істі қарау кезінде іске қатысушы адамдар берген дәлелдемелерді зерттейді, олардың дәлелдерін ескереді және сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады.

20 сәуір 2011, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.