
Жұма, 6 қарашада Атырау мұнай өңдеу зауыты аумағында республикалық өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтеді. Іс-шараға 25 арнайы техника жұмылдырылады, деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшылығымен сағат 11:00-ден 12:00-ге дейін өтеді. Оған ТЖД мен «Семсер-Өрт сөндіруші» ЖШС-нің 25 бірлік арнайы техникасы жұмылдырылады.
Мақсат – өрт сөндіру-құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарын пысықтау және олардың жедел әрекет етуге дайындығын тексеру.
Зауыт аумағында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты мұнда өрт сөндіру көліктері мен басқа да арнайы техника көп болады.
"Қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауды сұраймыз! Оқу-жаттығу жоспарлы түрде өткізіледі", - делінген мекеменің хабарламасында.
В Атырау +13.1