Атырау, 6 қазан 12:57
 дождьВ Атырау +13.8
$ 454.98
€ 509.53
₽ 5.37

Экология

​Атырау Экология министрлігінің экологиялық апат аймағы мәртебесі бойынша шешімін күтіп отыр Экология

​Атырау Экология министрлігінің экологиялық апат аймағы мәртебесі бойынша шешімін күтіп отыр

Ауа сапасына қатысты жаңа шағымдардан кейін «Ақ Жайық» редакциясы Атырау қаласы мен Жылыой ауданына ерекше экологиялық мәртебе беру бастамасы төңірегінде не болып жатқанын және бұл жұмыста Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қандай рөл атқаратынын анықтады. 22 қыркүйек, 11:08 382 рет қаралды
Уәде етілген мерзім аяқталды: Атырауда экологтардың зертханасы әлі жұмыс істемей тұр Экология

Уәде етілген мерзім аяқталды: Атырауда экологтардың зертханасы әлі жұмыс істемей тұр

7 қыркүйекте Атырау облысы Экология департаментінің басшысы Асқар Жүсіпов өзінің зертханасын аккредиттеуді 10–15 күн ішінде алуды жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Бүгін, 22 қыркүйекте бұл мерзім аяқталады, алайда зертхана әлі де жұмыс істемей тұр. 22 қыркүйек, 10:42 424 рет қаралды
"Біз емес": Атыраудың ауасын ластады деген кәсіпорындардың жауабы Экология

"Біз емес": Атыраудың ауасын ластады деген кәсіпорындардың жауабы

Қаладағы өткір иіске қатысты кезекті шағымдардан кейін редакция ресми органдар ластанудың ықтимал көздері қатарына жатқызатын кәсіпорындар мен ұйымдарға жүгінді. Олардың барлығы дерлік оған қатысы барын теріске шығарды немесе өз нысандарында нормадан асу жағдайлары тіркелмегенін мәлімдеді. 21 қыркүйек, 18:39 1 154 рет қаралды
​Атырау облысында 600 түп ағаш отырғызылып, жүздеген тонна қоқыс жиналды Экология

​Атырау облысында 600 түп ағаш отырғызылып, жүздеген тонна қоқыс жиналды

Атырау облысында 7 мыңнан астам адам World Cleanup Day экологиялық акциясына қатысты. Тазалық жұмыстары кезінде 400 тоннаға жуық қоқыс шығарылып, 600 түп ағаш отырғызылды. Сурет 21 қыркүйек, 15:21 445 рет қаралды
Атырауды тағы кім улап отыр: адвокат АМӨЗ-ге басқа иіс көздерін анықтауға көмектесуді ұсынды Экология

Атырауды тағы кім улап отыр: адвокат АМӨЗ-ге басқа иіс көздерін анықтауға көмектесуді ұсынды

АМӨЗ-дің мониторинг жүйелері ауадағы нормадан асу фактілерін тіркемегенін мәлімдеген тұста, адвокат Айгүл Кенжалиева зауытқа тәуелсіз зерттеулерді қаржыландыруды ұсынды. 18 қыркүйек, 20:48 1 013 рет қаралды
Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады Экология

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнай мен мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды понтондармен — булануды азайту үшін ыдыстардың ішіне орнатылатын арнайы қалқымалы қақпақтармен жабдықтауды жалғастырып келеді. 17 қыркүйек, 16:04 734 рет қаралды
«Қала күнінен бұрын таза ауа маңызды»: атыраулықтар мерекені өткізбей, қаржыны экологияға бағыттауды ұсынып жатыр Экология

«Қала күнінен бұрын таза ауа маңызды»: атыраулықтар мерекені өткізбей, қаржыны экологияға бағыттауды ұсынып жатыр

Атыраудағы ауа сапасына қатысты шағымдардан кейін әлеуметтік желіде алдағы Қала күнін өткізуге қатысты пікірлер жариялана бастады. Кейбір желі қолданушылары концерттер мен өзге де мерекелік шараларға шығындалмай, оған қарастырылған қаражатты қаланың экологиялық мәселелерін шешуге бағыттауды ұсынып отыр. 17 қыркүйек, 11:23 642 рет қаралды
Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді Экология

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Атыраудағы ауа сапасына қатысты жағдайға пікір білдірді. Ведомство күкіртсутегімен ластаудың негізгі көздері ретінде Атырау мұнай өңдеу зауытын, «Атырау облысы Су Арнасы» кәріз нысандарын, «Квадрат» булану алаңын, жылыту қазандықтары мен ЖЭО-ны атады. 17 қыркүйек, 10:42 570 рет қаралды
Атыраудың ауасы мен аурушаңдық арасында байланыс бар ма? Экология

Атыраудың ауасы мен аурушаңдық арасында байланыс бар ма?

Атырауда соңғы күндердегі шығарындыларға байланысты ауада таралған жағымсыз иістің денсаулығына әсер етіп жатқанын айтып, тұрғындар әлеуметтік желілерде шағымдарын жариялады. Олар бас ауруы, бас айналу, жүрек айнуы, аллергия және басқа да жайсыздықтар туралы жазған. Алайда ауаның ластануы салдарынан аурушаңдық көбейгенін растайтын ресми дерек жоқ, тек болжам бар. Редакция ауа сапасы мен тұрғындардың денсаулығына қатысты шағымдар арасында байланыс бар-жоғын анықтауға тырысты. 9 қыркүйек, 11:46 1 122 рет қаралды
​Иіс бар, мөлшерден аспауы да мүмкін: СЭҚ Атырау тұрғындарының немен тыныстап жатқанын түсіндірді Экология

​Иіс бар, мөлшерден аспауы да мүмкін: СЭҚ Атырау тұрғындарының немен тыныстап жатқанын түсіндірді

Атыраулықтардың қолқаны қабатын иіске байланысты бірнеше күнгі шағымдарынан кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары қала ауасынан көбінесе не табылатынын және оның денсаулыққа қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтып берді. 7 қыркүйек, 18:16 587 рет қаралды
​«Өзіміз де осы қалада тұрамыз»: АМӨЗ ауаның ластануы туралы деректерге жауап берді Экология

​«Өзіміз де осы қалада тұрамыз»: АМӨЗ ауаның ластануы туралы деректерге жауап берді

Экологтар тұрғындардың шағымдары мен тіркелген шекті мөлшерден асу жағдайларынан кейін АМӨЗ-ге кешенді тексеру дайындап жатқанда, зауыттың өзінде шығарындылардың кәсіпорынмен байланысы әлі дәлелденбегенін айтып отыр. 7 қыркүйек, 18:17 497 рет қаралды
Жағымсыз иіске қатысты күдік АМӨЗ-ге түсті: экологтар кешенді тексеру жүргізбек Экология

Жағымсыз иіске қатысты күдік АМӨЗ-ге түсті: экологтар кешенді тексеру жүргізбек

Мамандар өлшеу нәтижесі мен кәсіпорын орналасқан жақтан соққан оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс желдің бағытын ескере отырып осындай қорытындыға келді. 7 қыркүйек, 17:47 483 рет қаралды
​«Атырау біздің немен тыныстап жатқанымызды анықтау үшін жеткілікті табыс әкелді»: облыс әкіміне үндеу Экология

​«Атырау біздің немен тыныстап жатқанымызды анықтау үшін жеткілікті табыс әкелді»: облыс әкіміне үндеу

«Ақ Жайық» редакциясында көп жыл еңбек еткен әріптесіміз, Қазақстан Республикасы Журналистер одағының және Атырау облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Лаура Сүлейменова қаланың әр жерінің тұрғындары күкіртсутектің қолқа қабатын иісіне шағымданған кезекті түндерден кейін Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақовқа үндеу жасады. «АЖ» оның сол үндеуін жариялап отыр. 7 қыркүйек, 10:42 1 034 рет қаралды
Атырау экология департаменті уақытша ауа сапасын тексере алмайды Экология

Атырау экология департаменті уақытша ауа сапасын тексере алмайды

Атыраудағы ауа сапасына қатысты тұрғындардың жиі шағымдарына қарамастан, облыстық экология департаментінің зертханалық-аналитикалық бөлімі уақытша бақылау өлшемдерін жүргізбейді. 27 тамыз, 19:14 863 рет қаралды
Каспий теңізінде бекіре мен майшабақ қоры бағалануда Экология

Каспий теңізінде бекіре мен майшабақ қоры бағалануда

Солтүстік және Орта Каспийде су биоресурстарының жағдайын анықтау мақсатында кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды Волга–Каспий филиалының мамандары жүргізуде. 24 тамыз, 15:11 546 рет қаралды
​Бөтелкеден геотекстильге дейін: Атырауда пластикті өңдеу жұмысы жолға қойылды Экология

​Бөтелкеден геотекстильге дейін: Атырауда пластикті өңдеу жұмысы жолға қойылды

Атырауда пластик қалдықтарын өңдеудің — қайталама шикізат алудан бастап штапельді талшық, геотекстиль және полипропилен материалдарын шығаруға дейінгі толық өндірістік тізбегі қалыптасты. Бейнежазба 19 тамыз, 16:39 687 рет қаралды
​Ақшолақов бір апта ішінде Атырау облысындағы қоқыс мәселесін жоюды тапсырды Экология

​Ақшолақов бір апта ішінде Атырау облысындағы қоқыс мәселесін жоюды тапсырды

Өңір басшысы Болат Ақшолақов тұрғындардың уәжін ескере отырып, анықталған кемшіліктерді бір апта ішінде жоюды және бұл жұмысты жүйелі түрде тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. 4 тамыз, 15:50 1 169 рет қаралды