Атырау, 28 қараша 19:30
 дождьВ Атырау +1
$ 458.13
€ 502.29
₽ 5.58

Экология

«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады? Экология

«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады?

ҚР Үкіметі теңізде және ішкі су айдындарында,  ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда мұнай операцияларының жүргізілу Ережесін бекітті. Бұл жаңа ереженің тигізер ықпалы жайлы жергілікті сараптамашылардан сұрап білдік.  «Каспий Табиғаты» қоғамдық ұйымы төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ: «Ереженің жасақталуы жаман емес, барынша қатаңдау. Алайда, әңгіме-оның қалай қабылданатындығында ғой. Бұдан басқа, Экологиялық кодекске қылмыстық жауапкершілікке тартып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырытындай баптарды қарастыратын түзетулер енгізу қарастырылуда. Министрліктің алқа жиынына жеке өз басым қатысып, жазалау шарасын атуға дейін күшейту керек деген ұсынысымды айттым. Оған жауап ретінде министр күлді де, біз өркениетті елде тұрамыз ғой деді. Алайда, Қытай өркениетті ел емес пе? Біздің химиялық кешенде жұмыс жасауға кіріскелі жатқан «Синопек» компаниясының директорын елінде ату жазасына кескен». 26 қаңтар 2011, 00:00 6 990 рет қаралды
Экология

МАХАМБЕТ ХӘКІМОВ:КАСПИЙДІ АПАТТАН СОҢ ЕМЕС, ОҒАН ДЕЙІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!»

Өткен аптада «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы әдеттегідей жылдық есеп беру жиылысн өткізді. Шынын айту керек, бұл аймақтағы ешкімнен грант алмайтын және сұрамайтын да жалғыз тәуелсіз ұйым. Сонда  ол кім үшін есеп беріп жатыр? Шамасы бұл экологтың аймақ тұрғындары бастарына төніп тұрған экологиялық ахуалдан үнемі хабардар болсын деген пиғылынан туған болар деп топшылаймын. 20 қаңтар 2011, 00:00 4 553 рет қаралды
"Жасылдар" билікпен соттаспақшы Экология

"Жасылдар" билікпен соттаспақшы

Қаладағы қоғамдық ұйымдар өз күштерін біріктіріп, өткен жылдың қарашасында қоғамдық тыңдауда ұсынылған мұнай төгінділеріне қарсы әрекет ететін базаны (МТӘБ) салу жобасын мұқият талдаған болатын («АЖ» №47, «Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба»). ҮЕҰ тәуелсіз сарапшыларды тартып, осы жобаға қоғамдық экологиялық сараптама жүргізген еді. Бұл жалпы бізде алғаш рет өткізіліп отыр. Қоғамдық сараптаманың қорытындысы ұлттық және халықаралық заңнама бойынша анықталған заң бұзушылықтар санының көптігімен алаңдатып отыр. Таяуда үкіметтік емес ұйымдар өкілдері осыған қатысты баспасөз конференциясын өткізген еді. 12 қаңтар 2011, 00:00 6 614 рет қаралды
Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды   Экология

Ірі табиғат пайдаланушыларының уәделері тағы қағаз жүзінде қалды

Жуырда Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мұнайгаз саласындағы ірі жер пайдаланушыларға қатысты табиғатты қорғау және олардың ісіндегі заң бұзушылықтар  жөніндегі зерттеуін жария етті. Олардың арасында біздің облысымыздағы ТШО, North Caspian Operating Company, Қазтрансойл, АМӨЗ, Ембімұнайгаз компанияларымен қатар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ аттары аталады. Әрине, президент айтқандай мұнай мен газ біздің де шаруамыз емес, бірақ сол жердің ауасын жұтып отырғандар нақты жағдайдан хабары болуы керек деп санаймыз. 23 желтоқсан 2010, 00:00 11 457 рет қаралды
АМӨЗ-ге айыппұл салынды Экология

АМӨЗ-ге айыппұл салынды

Атырау мұнай өңдеу зауыты каналды бүлдіріп қоймай, оның айналасынан шұңқырлар қазып, оларға мұнай өнімдерінің қалдықтарын заңсыз төгіп отырған. «АЖ» журналистері қазанның 14-і күні «АМӨЗ» ЖШС маңындағы 66-шы зонаға барар жолдағы мұнайға толған канал жайлы бірнеше рет жазған болатын («АЖ» № №42, №43 «АМӨЗ» каналды бүлдірді», «Зертхана бар, зерделі талдау жоқ»). Кейін «АМӨЗ» ЖШС-іне тексеру жүргізген экология инспекторлары каналдағы судың мұнай өнімдерінің қалдықтарымен ластанғанын анықтап, жалпы сомасы 54 116 135 теңгені құрайтын кінәрат тағып, айыппұл салды. 2 желтоқсан 2010, 00:00 6 006 рет қаралды
Жайық пен халықты құрбандыққа  шалған жоба Экология

Жайық пен халықты құрбандыққа шалған жоба

Қарашаның 19-ы күні Атырауда Жайық өзені сағасында мұнай төгінділерін жинайтын экологиялық базаны орналастырудың қоршаған ортаға зияны әсерін алдын ала  анықтау жөніндегі қоғамдық тыңдау өтті. «Қазмұнайгаздың» бұл мәселені көтеріп келе жатқанына бес жылдай уақыт болды. О бастан-ақ базаны Дамбы поселкесі аумағындағы Жайық сағасынан салу көзделген болатын. Ал ол «Ақ Жайық» табиғи қорығына жақын. Ал бұл қорықты итбалық пен қызылбалықтың сан түрлері, жүздеген құстар мекен етеді. Мұнай төгінділерін жинауға арналған база балықтардың, соның ішінде  президент күні кеше Бакуде мораторий жариялауға ұсыныс айтып отырған қызылбалықтардың  уылдырық шашатын жері. 1 желтоқсан 2010, 00:00 6 751 рет қаралды
«Светлана» маңы – улы газ  шоғырланған аудан Экология

«Светлана» маңы – улы газ шоғырланған аудан

Ғалымдар Атырау қаласының экологиялық төлқұжатын жасауға кірісті. Жобаға тапсырыс беруші – «Атырау МӨЗ» ЖШС, мердігері – «Атмосфералық ауаны қорғау республикалық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС. Жұмыс облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының құзырымен жүргізілуде. 1 желтоқсан 2010, 00:00 5 910 рет қаралды