Атырау, 2 қараша 18:58
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

«Ережелер жаман емес, алайда «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болады?

6 201 просмотра

ҚР Үкіметі теңізде және ішкі су айдындарында,  ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда мұнай операцияларының жүргізілу Ережесін бекітті. Бұл жаңа ереженің тигізер ықпалы жайлы жергілікті сараптамашылардан сұрап білдік.

 «Каспий Табиғаты» қоғамдық ұйымы төрағасы Махамбет ХӘКІМОВ: «Ереженің жасақталуы жаман емес, барынша қатаңдау. Алайда, әңгіме-оның қалай қабылданатындығында ғой. Бұдан басқа, Экологиялық кодекске қылмыстық жауапкершілікке тартып, 2 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айырытындай баптарды қарастыратын түзетулер енгізу қарастырылуда. Министрліктің алқа жиынына жеке өз басым қатысып, жазалау шарасын атуға дейін күшейту керек деген ұсынысымды айттым. Оған жауап ретінде министр күлді де, біз өркениетті елде тұрамыз ғой деді. Алайда, Қытай өркениетті ел емес пе? Біздің химиялық кешенде жұмыс жасауға кіріскелі жатқан «Синопек» компаниясының директорын елінде ату жазасына кескен».

«Глобус» қоғамдық бірлестігі басшысы Галина ЧЕРНОВА: «Ең маңыздысы №9 тармақ: «Теңізде және ішкі су айдындарында, төтенше экологиялық ахуалды аймақтарда және аса ерекше қорғалатын табиғат аумақтарында мұнай операцияларын табиғат пайдаланушылар  ҚР ‡кіметі белгілеген жер қойнауларын тиімді және кешенді пайдалану талаптарына сәйкесті жүргізеді» делінген. Демек, жергілікті билік органдарына кез-келген сілтемелер жасау заңсыз және орынсыз болып табылады. Жалпы алғанда жаңа ереже бұрынғысына қарағанда нақтылығымен ерекшеленеді. Дегенмен, ақаулар бар. Қауіптілік пен тәуекелділікті басқарау мәселесі түсініксіз.  Бүгінгі күні Каспийде мұнай апаттары мен мұнай төгілулерін реттейтін бірде-бір ереже жоқ. Әлемде мұнай төгінділері төгілген жағдайда құбырларды қолдану арқылы көмірсутегін тасымалдау туралы айтпағанның өзінде жауапкершілікті реттеу жөніндегі халықаралық ереже жақсы жасақталған. Ал, көмірсутегі ішкі кәсіпшілік және қосалқы мұнай құбырлары арқылы тасымалданатын Каспий үшін оның ішінде Қашаған жобасы үшін дәл осы заңнаманың өзектілігі ерекше. Алайда, қазақстандық  та, халықаралық  қауымдастықта да теңіз экологиясына қатысты заңнамалар жоқ, жаңа ережеде де өкінішке қарай, ол туралы айтылмаған.

 «Арлан» үкіметтік ұйымы төрағасы Макс БОҚАЕВ: «Мен мұнай ісінің маманы емеспін. Алайда, бірнеше рет дөңгелек үстелдерде мен бізде бүгінгі күні  теңізде және құрылықтағы бұрғылау жұмыстарын американдықтардан кем білмейтін мамандар жоқ деп айтқан болатынмын. Болғанменен олар өте аз. Бізде Төтенше жағдай немесе Мұнай, газ министрлігі жанында  бұрғылаушыларды бақылауға ала аламыз дейтін нақты рәсімделген құрылым жоқ. Теңіздегі мұнай операцияларының ережесіне келетін болсақ, мұның өзі Мексика бұғазындағы апаттан кейін басталды. Осы апатқа қатысты тергеу жүргізген президенттік комиссия жақында өз сайтында есебін жариялады. Апаттың орын алуына мұнайшылардың өздері де кінәлі болған. Онда бір-екі техникалық қателіктер кеткен, сондай-ақ мемлекеттік реттуші органдар тарапынан да кеткен. Тексеруге тиісті шенеуніктерге қаржылық және техникалық ресурстар жетіспегендігі анықталды. Бұл олардың алдыңғы қатарлы техникалары болып тұрған жағдайда орын алып отыр. Біз туралы не айта аламыз? Жалпы мен бұл істегі «пионерлерді» қалай бақылауға алуға болатындығын түсінбеймін? Біз ең болмағанда олармен тең болсақ етті. Бәлкім, ережелер нашар болмас, бірақ, бізде теңізде мұнай операцияларының жүргізілуін бақылауға алып отыратын сауатты адамдардың өзі қат».

 Сәуле ТАСБОЛАТОВА

26 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.