Бүгін, 24 сәуір күні Атырауда өткен жер митингісіне тура бір жыл толып отыр. Дәл осы күні мыңдаған адам жерді cатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруге Махамбет-Исатай алаңына жиналған болатын. Бұдан кейінгі күндері Қазақстанның тағы бірнеше қаласында осындай көше наразылықтары орын алды.
4967 рет қаралды 2 комментарий
ҚР Жоғарғы соты адвокат Төлепқали АЯНОВ пен қорғаушы Жанар БОҚАЕВАНЫҢ өтінішін кассациялық сатыдағы сотта қараудан бас тартты. Олар өз өтініштерінде Атырау қалалық №2 сотының үкімі мен облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасының шешімінің күшін жойып, Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты қылмыстық істі олардың әрекеттерінде қылмыс құрамының жоқтығына байланысты тоқтатуды сұраған болатын.
6177 рет қаралды 3 комментарий
«Жер митингілерін» ұйымдастырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген атыраулық азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВ Петропавлдағы жалпы режимдегі колонияға этапталды.
3605 рет қаралды
Бүгін, 20 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Тәтті УӘЛИЕВАНЫҢ төрағалығымен азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты 2016 жылдың 28 қарашасындағы үкімге қарсы берілген апелляциялық шағымды бір аптаның ішінде қарап, оны өзгеріссіз қалдырды.
4862 рет қаралды
19 және 20 қаңтарда Атырауда Макс БОҚАЕВ мен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасты. Жақында ғана ағасының қорғаушысы болған Жанаргүл БОҚАЕВА бірінші инстанция сотының шешімімен барлық детальдары бойынша келіспеді (оның сөйлеген сөзі кейін жарияланатын болады).
6124 рет қаралды 1 комментарий
Бүгін, 18 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляцияны қарауды жалғастырды.
3619 рет қаралды
Бүгін, 16 қаңтарда Атырау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі алқасы азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляцияны қарауға кірісті.
4427 рет қаралды
28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.
7526 рет қаралды 1 комментарий
21 қарашада №2 қалалық сотында Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың ісін қарау жалғасып, тараптардың жарыссөзі өтті. Прокурор Қасым Сыдықов сөз алып, сотталушылардың кінәсі толықтай дәлелденгенін мәлімдеді. Өйткені, 24 сәуірде тәртіпсіздіктер орын алған жағдайда алаңда жүрген демалушылар мен жүргіншілер, сонымен қатар шағын бизнес нысандары зардап шегуі мүмкін еді. Сондай-ақ, Боқаев пен Аяновтың келісіп әрекет еткендігі де дәлелденді.
9968 рет қаралды 2 комментарий
Атырауда Aртикль19 халықаралық құқыққорғау ұйымының Орталық Азиядағы өкілі Рината АЛИБЕКОВА болып, үш күн азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ сот процесінің барысын бақылады.
2975 рет қаралды
18 қарашада Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша процесте тараптардың өтініштерін қарау жалғасты. Прокурор Қасым СЫДЫҚОВТЫҢ өтініші бойынша іске 24 және 29 сәуірде тиісінше azh.kz («Макс Боқаев: “Бірде-бір шам сынған жоқ..."» ) және exclusive.kz сайттарында жарияланған Боқаев пен Аяновтың сұхбаттары біріктірілді.
3191 рет қаралды
17 қарашада қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА іс материалдарына тәуелсіз сарапшылар Рахила ҚАРЫМСАҚОВАНЫҢ, Талғат МАМЫРАЙЫМОВТЫҢ, Расул ЖҰМАЛЫНЫҢ және Досым СӘТПАЕВТЫҢ қорытындыларын біріктіру туралы өтінішпен жүгінді.
2998 рет қаралды
Өткен аптада Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты сот процесіне танымал қоғам қайраткері Жасарал ҚУАНЫШӘЛИН қатысты. Оның Алматыдан «АЖ» үшін арнайы жолдаған комментарийін ұсынамыз.
7307 рет қаралды 3 комментарий
15 қараша күні таңертеңгі отырыстың барысында сот Макс БОҚАЕВТЫҢ телефон әңгімелерінің жазбаларын зерттеп жатқан кезде дәлізден айқай-шу естілді. Аққыстау ауылының тұрғыны Бекболат МҰХАНАЛИЕВ сотқа екі азаматтық белсендінің суреті салынған күртеше киіп келген екен.
3290 рет қаралды
Дүйсенбі күні, 14 қарашада сотта заттай айғақтармен, яғни Талғат АЯНОВТЫҢ телефонмен сөйлескен аудиожазбаларын зерттеу жалғасты. Бірақ алдымен маман ретінде Атырау облыстық ІІД кинология қызметінің бастығы Серік АЙТБАЕВ тыңдалды.
3258 рет қаралды
Өткен аптада «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қоры» басқармасының төрағасы, экс-сенатор, таяуда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша сот процесіне бақылау жасаған Зәуреш БАТТАЛОВА Атырауға келді. Кетер алдында ол «АЖ» тілшісіне былай деді.
7812 рет қаралды 7 комментарий
11 қарашадағы сот отырысында адвокат Төлепқали АЯНОВ іске Тоқтар ТӨЛЕШОВТІҢ үкімін қосу туралы өтініш жасады. Шымкенттік кәсіпкердің жақында 21 жылға бас бостандығынан айыру жазасын алғандығы белгілі.
3248 рет қаралды
10 қараша күні сот отырысы күтпеген жерден аяқталды. Түскі үзілістен кейін тараптар Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Талғат АЯНОВТЫҢ жеке парақшасының скриншоттарын зерттеумен айналысты. Судья Фейсбуктағы Макс БОҚАЕВТЫҢ парақшасының скриншоты бар дискіні қосқан кезде жанжал басталды.
7554 рет қаралды 1 комментарий
10 қараша күні №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Облыстық ІІД аға тергеушісі Руфат ЖҰМАҒАЛИЕВТАН жауап алынды. Ол 2016 жылдың 16 мамырында Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Боқаевтың парақшасындағы жазбалар мен хабарламалардың скриншотын жасап, оларға психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы шығарған болатын.
3239 рет қаралды
9 қарашада «жер митингілері» туралы іс бойынша өтіп жатқан процесске төрағалық етуші судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА қорғау тарапы шақырған Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөнiндегi Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений ЖОВТИСТІ тыңдаудан бас тартты. «АЖ» тілшісі ол Алматыға ұшпас бұрын одан сұхбат алған болатын.
3129 рет қаралды
9 қарашада №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Куәгерлер ретінде 24 сәуірдегі митингтен кейін Қарабатандағы мердігер фирманың қызметкерлерінен жауап алған ҰҚК қызметкерлері шақырылды.
3092 рет қаралды
Атырауда азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты резонансты сот процесі жалғасуда. Дүйсенбі, 7 қарашадан бастап куәгерлер ретінде (қашықтан, бейнебайланыс арқылы Алматы қалалық сотынан) Алматы мен Астана қалаларындағы Сот сараптама орталығының мамандарынан, соның ішінде психология, филология, саясаттану жөніндегі сарапшылардан жауап алынды.
2983 рет қаралды
2 қарашада екі күндік үзілістен кейін азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты сот отырысы жалғасты.
3075 рет қаралды
28 қазанда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ адвокаттары таңертеңнен бері тек бір өтініш берді. Қорғаушы тарап жауап алуға қатысу үшін сотқа іс материалдарын аударған аудармашыны шақыртуды өтінді, алайда өтініш қанағаттандырылмады.
3087 рет қаралды
27 қазанда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың сот процесінде куәгерлерден жауап алу жалғасты.
3384 рет қаралды
Страницы:12
предыдущаяследующая
190 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
245 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
369 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ
180 рет қаралды Әзірге комментарийлер жоқ