Атырау, 20 желтоқсан 22:29
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингілері» туралы іс: ІІД тергеушісі мен Фейсбук не туралы айтты?

5 938 просмотра

10 қараша күні №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Облыстық ІІД аға тергеушісі Руфат ЖҰМАҒАЛИЕВТАН жауап алынды. Ол 2016 жылдың 16 мамырында Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Боқаевтың парақшасындағы жазбалар мен хабарламалардың скриншотын жасап, оларға психологиялық-филологиялық сараптама жүргізу туралы қаулы шығарған болатын.

– Менің парақшамды Гугл-хром арқылы ашу мүмкін емес, сіз оны қалай аштыңыз? – деп сұрады Боқаев.

Прокурор судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВАДАН бұл сұрақты қабыл алмауды өтінді, судья наразылықты қабылдады.

Боқаев:

Сіз топ құрамында скриндермен жұмыс жасадым дейсіз, ал хаттамада сіздің өзіңіз ғана көрсетілген.

Осы арада Аянов кірісті:

Егер бұл ҰҚКД-де жасалса, онда бұл ІІД жүргізіп отырған тергеу шарасына араласу.

Прокурор:

Бұл құрғақ дәлелсіз тұжырым.

Аянов:

Сол кезде өзіңіз пайдаланған ұялы телефон нөмірін атаңызшы. Біз қоңыраулар тізімі мен сіздің болған жеріңізді анықтау туралы өтініш береміз. Өйткені сіздің айтып отырғаныңыз шындық емес, сіз басқа жерде болдыңыз.

Судья:

Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес, сот іс тізімдемесіндегі материалдармен жете танысуға құқылы.

Боқаев:

Бұл жерде 52 парақша бар. Мұнымен жете танысумен бір өзі айналысқанына күмәндімін.

Өз кезегінде Жұмағалиев топ болып кімдермен жұмыс істегені есінде жоқ екенін айтты.

Боқаев әлдебір «Евгения» дегеннің аккаунтынан өзінің парақшасына кіріп, скриншот жасалғандығына судьяның назарын аударды:

Жасұлан МҰСАБЕКОВТЫҢ (айыптау қорытындысында ол 24 сәуірдегі митингті ұйымдастырушылардың бірі ретінде айтылады – М.С.) парақшасына жасалған сараптама да осы «Евгенияның» аккаунтының негізінде жасалған деген менде мәлімет бар және оның жасанды екендігіне сенімдімін.

Содан кейін сот Фейсбуктегі Талғат Аяновтың жеке парақшасының скриншотымен танысты. Екі-үш жерде комментарий авторлары 24 сәуірдегі митинг алдында бір-біріне тіл тигізген.

Судья:

– Сіз парақшаңызды 13 мамырда бұзып ашқан дедіңіз, ал бұл тіл тигізулер сәуірде орын алған. Жойып тастауға болмайтын ба еді? Осылайша ҚР ҚК-нің «Қорлау» деп аталатын 131-бабына ілігуге болады ғой.

Аянов:

Бәрін жою мүмкін емес.

Сотта қаралған скриншоттар арасында Аяновтың жазбасы да болды. Онда ол қалалық әкімдіктің митинг туралы өтінішіне бас тартқандығы туралы жазған.

Аянов:

Міне, көріп отырсыздар, мен ешкімді алаңға шығуға мәжбүрлеген жоқпын. Қолданушылар митингіге рұқсат етілмегені туралы хабардар болды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

10 қараша 2016, 17:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.