Атырау, 20 желтоқсан 23:15
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингілері» туралы іс: ҰҚК тергеушілерінен жауап алынды, Жовтиске сөз берілмеді

5 752 просмотра

9 қарашада №2 Атырау қалалық сотында Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ ісін қарау жалғасты. Куәгерлер ретінде 24 сәуірдегі митингтен кейін Қарабатандағы мердігер фирманың қызметкерлерінен жауап алған ҰҚК қызметкерлері шақырылды.

Сотқа ҰҚК-нің үш жедел уәкілі - Шыңғыс АМАНҒАЛИЕВ, Сәбит АЙЫМБЕТОВ пен Қалыбек ШОЛПАНОВ келді. Үшеуінің де жұмысшылардан дәл қай уақытта – маусымда ма, мамырда ма, әлде шілдеде ме, жауап алғандары естерінде қалмапты. Сәбит Айымбетов бұл 2016 жылдың оразасы кезінде болғанын есіне түсірді. Олар (жедел уәкілдер) ҰҚКД тергеу басқармасының қызметкері ЮСУПОВТАН Қарабатандағы вахталық поселкеге бару туралы жазбаша нұсқау алған. Ол жақта тірек пунктінде бұлар үшін үш компьютер мен принтері бар екі кабинет әзірлеп қойған екен.

Сотта тергеушілер жауап алу хаттамасының үлгісі бар флешканы ұсынды. Онда куәгерлердің құқықтары мен міндеттері баяндалған.

– Хаттамаларда неліктен сұрақтың жауаптары бір-біріне өте ұқсас? – деп сұрады адвокат Нұрбике ЕСКЕНДІРОВА.

– Бізге (жауап беруге) олар бірнеше адамнан жиналып келді. Мүмкін олар келер жолда қалай жауап беретіндерін келісіп алған шығар.

– Неліктен хаттамаларда жауап өткізу орны Атырау деп көрсетілген? – деп сұрады сотталушы Макс Боқаев.

– Бланкте солай басылған, біз ештеңе өзгерткен жоқпыз.

Сонымен қатар, сотта Қарабатанда жұмыс істейтін куәгерлер Алмас САҒЫНДЫҚОВ пен Алпамыс ТІЛЕШЕВТІҢ жауаптары тыңдалды. Олар алдымен хаттаманың әр парағына қол қойғандарын, содан кейін оларға тергеушілердің келіп, әр абзацтың астына қол қоюды өтінгендерін әңгімеледі. Сағындықов есіне түсірді:

– Ол күндері ыстық болды, жауап алынатын жұмысшылар көп болды, біз асықтық...

Қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА процеске қорғау тарапы шақырған адам құқықтары жөніндегі маман, Адам құқықтарын сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросының директоры Евгений ЖОВТИСТІ процеске қатыстыру туралы өтініш білдірді. Оның сот залында отырғанына екінші күн болды. Алайда сот құқықтық мәселелерді түсіндіруге мұқтаж емес деген жауап алды.

9 қарашада түстен кейін сот өз жұмысын жалғастырады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Марат ТАКУЛИН

9 қараша 2016, 15:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.