Атырау, 25 қараша 20:05
 снегВ Атырау +0.6
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Ауыл олимпиадасына қатысатын оқушылар саны екі есе артты

59 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі қорытындыланды. Білім бәсекесінде үздік нәтиже көрсеткен 269 оқушы марапатталды, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Олимпиаданың басты мақсаты – ауыл мектептеріндегі дарынды балаларды анықтау, зияткерлік әлеуетін дамыту және білімге қызығушылығын арттыру.

– Биыл ауыл олимпиадасына қатысатын оқушылар саны екі есе көбейді. Облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша 41 оқушы І дәрежелі, 77 оқушы ІІ дәрежелі және 151 оқушы ІІІ дәрежелі диплом алды. Дарынды оқушылардың қабілетін ашып, оларды ынталандыру бағытындағы жұмыстың нәтижесі артып келе жатқанына қуаныштымын, – деді «Таланттарды анықтау және қолдау» орталығы директорының орынбасары Жанар Сәрсенғалиева.

Атырау облысының оқушылары республикалық кезеңде де тұрақты нәтиже көрсетіп келеді. 2023–2024 оқу жылында республикалық олимпиадаға 49 оқушы қатысып, 1 алтын, 4 күміс және 12 қола медаль иеленген.

Ал өткен оқу жылында республикалық кезеңге 57 оқушы қатысып, 26 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 4 алтын, 9 күміс және 13 қола жүлде бар. 

Сондай-ақ 2025 жылы жаратылыстану бағыты бойынша облыс оқушылары командалық есепте ІІ орынға ие болған.

Бүгін, 19:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.