
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен 25–26 қарашада жұмыс сапарымен Мәскеуге барады.
Ақорда баспасөз хатшысы Айбек Смадияровтың хабарлауынша, мемлекет басшылары Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылайды.
Сапар аясында президенттердің келіссөздері өтеді. Онда Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды нығайту перспективалары қарастырылады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковке сілтеме жасаған «Интерфакс» агенттігінің хабарлауынша, Путин Тоқаевты 25 қараша күні кешке Кремльде қабылдайды. Көшбасшылар бірге түскі ас ішіп, келесі күні кездесуді жалғастырады.
Сонымен қатар, 26 қарашада Тоқаев Мәскеуде өтетін жасанды интеллект жөніндегі AI Journey 2026 халықаралық конференциясына қатысады.
Конференцияны Сбербанк ұйымдастырып отыр. Іс-шара жасанды интеллект технологияларын дамытуға, оларды экономикада, бизнесте және мемлекеттік басқаруда қолдануға арналған. Оған Қазақстан, Қытай, Үндістан, Бразилия және басқа елдердің сарапшылары қатысады деп күтілуде.
В Атырау +1.5