
«Атырау Жарық» тұрғындарды бейсенбі, 26 қарашада электр қуаты уақытша ажыратылатыны туралы ескертті.
«Атырау Жарык» ЖШС Қалалық электр жүйелері апаттық-қалпына келтіру жұмыстарын қауіпсіз жүргізу үшін 26.11.2026 жылы мына мекенжайларда электр қуатын ажырататынын хабарлайды.
Атырау
Сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін – Алтынсарин, Бигелдинов, Құрманғазы, Попов, Қ. Мырзағали және Өтегенов көшелері, Затаевич, Қазанғап, Айбергенов және Ағатай батыр өткелдері.
Сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін – Нұрсая ықшамауданындағы «Модерн Сити» ТК, 14-көше, 15-үй, сондай-ақ Т. Жұмағалиев көшесіндегі 15 және 10-үйлер.
Доссор
Сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін – Ж. Мұқтанов көшесі.
В Атырау +5.5