Атырау, 25 қараша 12:56
 дождьВ Атырау +5.5
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Ақмола облысында мас күйдегі ер адам әйелін көлікпен басып өлтірді

37 рет қаралды
Иллюстрациялық фото
Иллюстрациялық фото

Ақмола облысының Аршалы кентінде мас күйде көлік басқарған ер адам әйелін қағып, оның өліміне себеп болды.

Облыстық полиция департаментіне сілтеме жасаған ҚазТАГ агенттігінің хабарлауынша, күдікті ұсталып, қамауға алынған.

Полицияның алдын ала мәліметінше, ер адам ВАЗ-2114 автокөлігін басқарып келе жатып, өз әйелін қағып кеткен. Әйел алған жарақаттарынан көз жұмды.

«Алдын ала мәлімет бойынша, марқұмның жұбайы ВАЗ-2114 автокөлігін мас күйде басқарып келе жатып, әйелді қағып кеткен. Салдарынан әйел оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады полиция.

Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бүгін, 12:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.