
Қазақстандық әнші Қайрат Нұртас Атыраудағы концерті кезінде жанкүйеріне күн сәулесінен қорғайтын Louis Vuitton көзілдірігін сыйлап, көпшілікті тәнті етті. Бойжеткен болған жайтқа әлі де сене алмайтынын айтып, әсерін TikTok парақшасында бөлісті.
22 қарашада 37 жастағы әнші Атырауда толық зал жинап, концерт берді. Бір сәтте Нұртас көрермен залынан бір қызды сахнаға шақырып, күтпеген жерден танымал француз брендінің күн сәулесінен қорғайтын көзілдірігін ұсынды.
Жанкүйер @ssamantaa20 аккаунтымен TikTok-қа видео жүктеп, сүйікті әншісінің сыйлығын көрсетті.
«Көзілдірік менде. Әлі күнге дейін сене алар емеспін», – деп жазды ол.
Бейнежазба әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды. Бірі қуанышқа бөленген бойжеткенді құттықтаса, енді бірі әншіден дәл осындай сыйлық алуды армандайтынын жазды.
«Қандай тамаша! Армандар орындалады», «Қайрат қашан да халыққа жақын», «Сіз оны құшақтаған кезде жылап жібердім», – деп пікір қалдырды желідегілер.
Кейін бойжеткен көзілдірікті үйінде көрсеткен тағы бір видео жариялады. Қолданушылар оған сыйлықты көздің қарашығындай сақтап, ешқашан сатпауға кеңес берді.
В Атырау +5.5