Атырау, 25 қараша 12:02
 дождьВ Атырау +5.5
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

​Атырау облысында қар аралас жаңбыр жауып, көлікпен жолға шығу қиындауы мүмкін

57 рет қаралды
Сурет: freepik.com
Сурет: freepik.com

25 қарашада Атырау облысында қар аралас жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр. Республикалық жолдардың кейбір бөлігінде тайғақ болып, алдағы жол көрінбей қалуы мүмкін.

Ұлттық жол компаниясының мәліметінше, жауын-шашын Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Абай облысында да күтіледі.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге жолға шығу қауіпті екені ескертілді.

Көлік жүргізушілеріне жол жағдайына қарай жылдамдыққа мән беріп, қауіпсіз қашықтықты сақтау және күрт бұрылыс жасамау ұсынылады.

Республикалық автожолдардың жағдайы мен қозғалыс шектеулері туралы өзекті ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 нөмірі арқылы білуге болады.

Бүгін, 11:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.