
Бүгін, 25 қарашада, қазақстандық қақпашы Стас Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасында испаниялық «Барселонаға» қарсы ойнауы мүмкін. Оның әзербайжандық «Сабах» клубы каталониялық команданы Баку Олимпиада стадионында қабылдайды.
33 жастағы Покатилов – «Сабах» клубының капитаны әрі негізгі қақпашысы. Ол сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасында өнер көрсетеді. 2026/27 жылғы Ұлттар лигасының алты матчінің төртеуінде алаңға шыққан.
Алдағы ойын тарихи оқиғаға айналуы мүмкін. Егер Покатилов алаңға шықса, ол «Барселонаның» ерлер командасына қарсы ресми матчта ойнаған алғашқы қазақстандық футболшы атанады.
Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі төрт турдан кейін «Сабах» үш ұпай жинап, жалпы кестеде 31-орында тұр. Ал тоғыз ұпайы бар «Барселона» бесінші сатыға жайғасқан.
Айта кетейік, каталониялық команда Әзербайжанға басты жұлдыздарының бірі – 19 жастағы Ламин Ямальсыз келді. Шабуылшы «Сабахқа» қарсы матчқа қатысатын ойыншылар тізіміне енбеген.
Матчты қазақстандық Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляция сағат 22:35-те басталады.
В Атырау +7.3