Атырау, 24 қараша 16:31
 дождьВ Атырау +9.6
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Алты айлық шекаралық үзіліс: Сыпатай батыр бекеті жаңғыртуға жабылды

44 рет қаралды
Фото: ҚР Көлік министрлігі
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы «Сыпатай батыр» автомобиль өткізу пункті ауқымды жаңғырту жұмыстарына байланысты жабылады. 25 қарашадан бастап мұнда көлік қозғалысы шамамен алты айға шектеледі.

Бекет аумағында заманауи инспекциялық-тексеру кешені (ИТК) салынады. Бұл өткізу пунктінің өткізу қабілетін арттыруға, тексеру уақытын қысқартуға және шекарадан өтуді қолайлы етуге мүмкіндік береді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша «Сыпатай батыр» өткізу пункті арқылы 326,8 мың автокөлік өтіп, 850 мың адам шекарадан өткен.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін не өзгереді?

  • Автокөліктер үшін: құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде (алдын ала жоспар бойынша – жарты жыл) Қазақстанның «Сыпатай батыр» және Қырғызстанның «Чалдыбар» өткізу пункттері арқылы көліктің барлық түрінің өтуі тоқтатылады.

  • Жаяу жүргіншілер үшін: шекара ашық болады. Адамдардың қауіпсіздігі үшін құрылыс алаңы мен техника жүретін аумақты айналып өтетін уақытша өткелдер жабдықталады.

Қандай бағыттармен айналып өтуге болады?

Жүргізушілер мен тасымалдаушыларға бағыттарын алдын ала жоспарлап, Қырғызстанмен шекарадағы басқа жұмыс істеп тұрған өткізу пункттерін пайдалану ұсынылады:

  • «Қордай»;

  • «Қарасу»;

  • «Аухатты»;

  • «Сортөбе»;

  • «Айша бибі».

Бүгін, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.