Атырау, 24 қараша 16:31
 дождьВ Атырау +9.6
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Лондондағы сот: Rockstar Games пен Uber-ге шабуыл жасаған хакерге үкім шықты

44 рет қаралды
Фото: Лондон полициясы
Фото: Лондон полициясы

Лондон соты Rockstar Games, Uber және басқа да ірі компанияларға жасалған атышулы кибершабуылдарға айыпталған 21 жастағы британдық хакер Арион К.-ға үкім шығарды. Ол жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Алайда бұған дейін тергеу изоляторы мен психиатриялық клиникада өткізген уақыты есепке алынып, бірқатар шектеулермен бостандыққа жіберілді. Бұл туралы BILD хабарлады.

GTA VI ойыны қалай бұзылды?

Сотталған азамат әйгілі Lapsus$ хакерлік тобының мүшесі болған. Rockstar Games ойын студиясына жасалған шабуыл кезінде ол әлі жарыққа шықпаған GTA VI ойынының геймплейі түсірілген 90 бейнежазбаны жүктеп алған. Сондай-ақ компания қызметкерлері пайдаланатын корпоративтік мессенджерге қол жеткізіп, бастапқы кодты интернетке жариялаймын деп қорқытып, әзірлеушілерді бопсалауға тырысқан. Компанияға келтірілген шығын шамамен 5 миллион долларға бағаланды.

Бір қызығы, хакер бұл шабуылды қонақүй бөлмесінде отырып жасаған. Ол киберкеңістіктегі бәсекелестерінің қоқан-лоққысына байланысты полицияның бақылауында болған. Қасында компьютері болмаса да, шабуыл жасау үшін өзінің смартфонын, қонақүй теледидарының интернет желісін және Fire TV Stick медиаприставкасын пайдаланған.

Басқа шабуылдар мен емделуі

Бұдан бөлек, 2021–2022 жылдары Арион К. Uber және Revolut сервистеріне жасалған хакерлік шабуылдарға қатысқан. Тек Uber компаниясына келтірілген шығын 2,8 миллион доллардан асқан.

2023 жылы дәрігерлер жас жігітті сот процесіне қатысуға психикалық тұрғыдан қабілетсіз деп танып, мәжбүрлі емдеу үшін психиатриялық мекемеге жіберген. Сот процесі тек 2025 жылы қайта жүргізілген медициналық сараптамадан кейін жалғасты.

Бүгін, 16:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.