Атырау, 24 қараша 16:09
 дождьВ Атырау +9.6
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Қазақстандық ғылымның тірегі Оразақ Смағұлов өмірден озды

42 рет қаралды
Фото: facebook.com/@berik.abdygaliuly
Фото: facebook.com/@berik.abdygaliuly

24 қарашада 97 жасқа қараған шағында белгілі қазақстандық ғалым, антрополог, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі Оразақ Смағұлов дүниеден өтті.

Оның қайтыс болғаны туралы e-history.kz порталы хабарлады.

Оразақ Смағұлов Қазақстандағы антропология ғылымының негізін қалаушылардың бірі саналады. Ол өмірінің едәуір бөлігін қазақ халқының шығу тегін, этногенезін және тарихи сабақтастығын зерттеуге арнады.

Ғалым 1930 жылғы 1 қазанда Қостанай облысы Меңдіқара ауданының Ұялысай ауылында дүниеге келген. 1955 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітіріп, кейін Мәскеуде ғылыми білімін жетілдірді. 1963 жылы кандидаттық, ал 1984 жылы докторлық диссертациясын қорғады.

1961 жылдан бастап Смағұлов Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында қызмет етті. 1973 жылы Қазақстандағы алғашқы этникалық антропология зертханасын ұйымдастырды.

Оның зерттеулері палеоантропология, краниология, одонтология және адамның физикалық ерекшеліктерін зерттеудің басқа да бағыттарын қамтыды. Ғалым Отырар, Көк-Мардан, Құйрықтөбе және Мардан-Күйік ежелгі ескерткіштерінде жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған антропологиялық материалдарды зерттеді.

Смағұлов тарихи тұлғалардың антропологиялық келбетін ғылыми тұрғыдан қайта қалпына келтірумен де айналысты.

Ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлыққа, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері атағына және «Құрмет» орденіне ие болды. 2004 жылы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының академигі атанды.

Бүгін, 15:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.