
Астанада мектеп оқушыларының ата-аналарына Grand Theft Auto VI (GTA VI) ойынын сатып алмауға кеңес берілді. Тиісті үндеу Paradigm School білім беру жобасының Instagram парақшасында жарияланды.
Жазбада бұл ұсыныс әріптестермен ақылдасқаннан кейін әзірленгені айтылған. Үндеу авторларының пікірінше, ойынның мазмұны мектептің тәрбие бағдарламасына сәйкес келмейді.
«Әріптестерімізбен ақылдаса келе, оқушыларымыздың ата-аналарына GTA VI ойынына қолжетімділікті сатып алмауға кеңес береміз. Құндылықтары мен мазмұны жағынан бұл ойын мектебіміздің тәрбие бағдарламасына сәйкес келмейді», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ авторлар ата-аналарды цифрлық ойын-сауық түрлерін таңдағанда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруге шақырды.
Жарияланым Instagram қолданушыларының арасында әзіл аралас пікірталас тудырды. Кейбір пікір қалдырушылар Grand Theft Auto сериясының алдыңғы бөлімдері – Vice City және San Andreas ойындарын өздері де ойнағанын еске салды.
«Өздері Vice City мен San Andreas ойнаған», – деп жазды қолданушылардың бірі.
Ал басқалары әзілдеп, GTA ойынының орнына пони күтімі туралы симуляторларды ұсынды. Сондай-ақ ойынды сатып алғаны үшін қандай да бір жаза қарастырылған-қарастырылмағанын сұрады.
В Атырау +4.2