Атырау, 24 қараша 11:12
 дождьВ Атырау +3.4
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Жолда үлгі көрсететіндер: Атырауда бес жүргізуші марапатталды

45 рет қаралды
Фото Өңірлік коммуникациялар қызметінен
Фото Өңірлік коммуникациялар қызметінен

Атырауда жол қозғалысы ережеcін сақтап, басқа жүргізушілерге үлгі болып жүрген бес үздік жүргізуші марапатталды.

Марапаттау рәсімі «Үлгілі жүргізуші-2026» республикалық акциясы аясында өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Марапатталғандардың қатарында №32 мектеп пен Б. Нысанбаев атындағы орта мектеп оқушыларын тасымалдайтын мектеп автобустарының жүргізушілері Асылбек Измагамбетов пен Ғали Молдабаев, сондай-ақ №4 мектептің жүргізушісі Тілеуш Төресаев бар.

Бұдан бөлек, Атырау қалалық төтенше жағдайлар басқармасына қарасты №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі, азаматтық қорғау старшинасы Талғат Дүйсембаев пен №4 қоғамдық көліктің жүргізушісі Ахат Бесімбаев та марапатқа ие болды.

Әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы, полиция майоры Сәлима Бердіғожиеваның айтуынша, акция жыл сайын өткізіледі. Оның мақсаты – жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру.

«Мұндай бастамалар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, әрбір жүргізушінің өз өмірі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілігін арттырады. Өйткені жолдағы тәртіп – адам өмірінің сақталуының басты кепілі», – деді ол.

Бүгін, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.