
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 24 қараша, дүйсенбі күні Қазақстанның екі мегаполисі мен 17 облысында дауылды ескерту жариялады. Ел тұрғындарын қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ және екпінді жел күтіп тұр. Елдің шығысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 29 метрге дейін жетеді.
Мегаполистердегі ауа райы
Астана: 23 қараша күні кешке елордада тұман түседі. 24 қарашаға қараған түні және таңертең тұман сақталып, жолдарда көктайғақ болады.
Шымкент: 24 қарашада кей уақытта тұман түседі. Түнде солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Солтүстік және орталық: көктайғақ пен аралас жауын-шашын
Ақмола облысы: түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстік пен шығыста желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысы: жаңбыр мен қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қостанай облысы: батысында, солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз батысы мен солтүстігінде желдің екпіні секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысы: жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде батысында, солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз оңтүстігінде, шығысы мен орталығында жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Қарағанды облысы: түнде жауын-шашын болады (батысында кей уақытта қатты жаңбыр жауады). Күндіз солтүстігінде аздаған жауын-шашын, оңтүстігі мен шығысында жаңбыр күтіледі. Батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Ұлытау облысы: батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Таңертең және күндіз шығысында жел екпіні секундына 15–18 метрге жетеді.
Шығыс пен оңтүстік: жел екпіні секундына 29 метрге дейін жетеді
Шығыс Қазақстан облысы: түнде батысы мен солтүстігінде жаңбыр мен қар жауады. Күндіз жаңбыр жауып, солтүстігінде және таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Түнде және таңертең солтүстігінде тұман түседі. Жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді. Түнде батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 25 метрге, ал күндіз солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде 24–29 метрге жетеді.
Абай облысы: түнде батысында, солтүстігі мен орталығында жаңбыр жауады. Күндіз жауын-шашын күшейіп, оңтүстігі мен орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады. Солтүстігінде, оңтүстігі мен орталығында жел екпіні секундына 24–29 метрге жетеді.
Жамбыл облысы: күндіз таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады. Оңтүстігінде және таулы аймақтарда тұман түседі. Желдің жылдамдығы секундына 15–20 метр болады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарда жел екпіні секундына 23–28 метрге дейін күшейеді.
Алматы облысы: күндіз оңтүстігі мен таулы аудандарында кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Батыстан соғатын желдің екпіні секундына 18–23 метрге жетеді.
Жетісу облысы: күндіз таулы аудандарда кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Шығысында және таулы аудандарында жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Түркістан облысы: батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда тұман түседі. Осы аудандарда жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Қызылорда облысы: өңірдің солтүстігі мен орталығында тұман түседі.
Батыс: тұман, көктайғақ және екпінді жел
Батыс Қазақстан облысы: түнде солтүстігі мен шығысында жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең батысында, солтүстігі мен шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз батысында, солтүстігі мен оңтүстігінде жел екпіні секундына 15–20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысы: түнде батысында, солтүстігі мен шығысында негізінен жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең солтүстігінде, батысы мен оңтүстігінде тұман түседі.
Маңғыстау облысы: түнде және таңертең солтүстік-шығысы мен орталығында тұман түседі. Батысында, оңтүстігі мен орталығында жел екпіні секундына 15–20 метрге, күндіз кей уақытта 23 метрге жетеді.
Атырау облысы: түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысында, оңтүстігі мен шығысында жел секундына 15–20 метрге дейін күшейеді.
Құтқарушылар жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақтық шараларын сақтауға, мүмкіндігінше алыс жолға шықпауға және тасжолдардың жабылуы туралы хабарламаларды бақылап отыруға шақырады.
В Атырау +3.4