Атырау, 24 қараша 10:21
 дождьВ Атырау +3.4
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Ақмола облысындағы үй тонау оқиғасы: үкім қайта қарауға жіберілді

29 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Кассациялық сот Ақмола облысында жеке үйге қарулы шабуыл жасаған үш ер адамға қатысты үкімнің күшін жойды. Бұған дейін сот олардың әрекетін тонау деп саралаған. Алайда қылмыс кезінде олар аңшы мылтығының кесілген ұңғылы қаруын қолданып, үйдегілерді жертөлеге қамап қойған. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Іс материалдарына сәйкес, бетперде киген үш қаскөй түнде тұрғын үйге баса-көктеп кірген. Олар үй иелерін ұрып-соғып, аңшы мылтығының кесілген ұңғылы қаруымен қорқытып, ақша мен бағалы заттарды беруді талап еткен.

Шабуылдаушылардың олжасы 4 миллион теңгеден асатын мүлік болған. Қылмыскерлер үйден кетер алдында жәбірленушілердің бірінің қол-аяғын байлап, қалған адамдарды жертөлеге қамап кеткен.

Шабуылдың мән-жайына қарамастан, бірінші сатыдағы сот айыпталушыларды қарақшылық шабуыл жасағаны үшін емес, жазасы жеңілірек тонау бабы бойынша соттаған.

Бас прокуратура мұндай құқықтық саралаумен келіспей, наразылық білдірді. Қадағалау органының мәліметінше, жәбірленушілер өздеріне кезенген кесілген ұңғылы қаруды өмірі мен денсаулығына төнген нақты қауіп ретінде қабылдаған. Ал шабуылдаушылардың оқ атпауы олардың әрекетінде қарақшылық шабуыл белгілерінің жоқ екенін білдірмейді.

Кассациялық саты прокуратураның ұстанымын қолдады. Бұған дейін шығарылған сот актілерінің күші жойылып, қылмыстық іс қайта қарауға жіберілді.

Бүгін, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.