Атырау, 24 қараша 10:13
 дождьВ Атырау +3.4
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Қазақстанның су нысандарында құрылыс салуға тыйым: 18 заңсыз нысан сүрілді

55 рет қаралды
Фото ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің сайтынан
Фото ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің сайтынан

2026 жылдың басынан бері Қазақстанда сот шешімдері бойынша су нысандары мен су қорғау аймақтарында заңсыз салынған 18 нысан сүрілді. Ал олардың иелеріне жалпы сомасы 12,7 млн теңге айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, заң бұзушылықтарды Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің бассейндік инспекциялары анықтаған. Құрылыс жұмыстары тікелей жерүсті су нысандарында, сондай-ақ су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шегінде жүргізілген.

Министрлікте атап өткендей, тіркелген 18 деректің әрқайсысы бойынша инспекторлар әкімшілік іс қозғаған. Барлық жағдай бойынша соттар қадағалау органының талаптарын қолдады. Құқық бұзушыларға жалпы сомасы 12,7 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, салынып қойған немесе құрылысы жүріп жатқан нысандарды мәжбүрлі түрде бұзу міндеттелді.

Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министрі Нұрлан Алдамжаровтың айтуынша, су заңнамасының сақталуына қатысты тексерулер тұрақты негізде жүргізіледі. Сонымен қатар елімізде ведомство Бас прокуратурамен бірлесіп қабылдаған «Судың қара нарығына» қарсы күрес жөніндегі Жол картасы аясында тиісті шаралар жүзеге асырылуда.

Вице-министр сондай-ақ 2025 жылы қабылданған Су кодексі бассейндік инспекторлардың өкілеттіктерін кеңейтіп, су нысандарын заңсыз құрылыстардан қорғауға қатысты қатаң талаптарды бекіткенін еске салды.

Бүгін, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.