
Биыл жыл басынан бері Атырау облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 784,4 млрд теңгенің өнімі өндірілді.
Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 118,6%-ды құрады, – деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Өңірдегі ірі кәсіпорындардың бірі – «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС. Есепті кезеңде зауытта 4 698 мың тонна мұнай өңделді. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 5,1%-ға жоғары.
- Атырау облысында өндірістік әлеуетті арттырумен қатар, жергілікті тауар өндірушілерді қолдау және олардың ірі мұнай-газ, өнеркәсіп кәсіпорындарымен әріптестігін нығайтуға басымдық беріліп отыр, - деді облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Данияр Орынбасаров.
Оның айтуынша, жергілікті кәсіпорындардың өндірістік қуатын кеңейту, жаңа технологияларды енгізу, өнім сапасын арттыру және ірі тапсырыс берушілердің сатып алуындағы отандық өнім үлесін ұлғайту маңызды.
Бүгінде облыста өңдеу өнеркәсібі бағытында 537 кәсіпорын жұмыс істейді. Оның 6-ы – ірі, 15-і – орта және 516-сы шағын кәсіпорын.
В Атырау +3.4