Атырау, 24 қараша 14:33
 дождьВ Атырау +4.2
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Қазақстан ҰҚК есірткімен күресте: 1,3 тоннадан астам зат тәркіленді

32 рет қаралды
Фото ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен
Фото ҚР ҰҚК баспасөз қызметінен

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2026 жылдың тамыз-қазан айлары аралығында жүргізілген ауқымды есірткіге қарсы операциялардың нәтижелерін жариялады. Үш ай ішінде арнайы қызмет өкілдері есірткі жеткізудің 19 арнасын әшкерелеп, бес жасырын зертхананың жұмысын тоқтатты және 1,3 тоннадан астам тыйым салынған зат тәркіледі. Есірткі қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен 45 адам ұсталды.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кезеңде есірткі жеткізудің сегіз халықаралық және 11 өңірлік арнасы жойылған. Шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен бірлесіп, есірткіге қарсы сегіз халықаралық операция жүргізілді.

Жедел іс-шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан мыналар тәркіленді:

  • 11,1 келі апиын;

  • 14,2 келі гашиш;

  • 404,6 келі марихуана;

  • 320,6 келі қарасора бұталары;

  • 18,4 келі синтетикалық есірткі;

  • 525 келі синтетикалық опиоид;

  • күшті әсер ететін заттардың 2 650 таблеткасы;

  • есірткі өндіруде қолданылуы мүмкін химиялық заттар – 2,6 тонна прекурсор.

Сонымен қатар ҰҚК қызметкерлері бес жасырын есірткі зертханасының жұмысын тоқтатты.

Есірткі қылмыстарын жасады деген күдікпен Қазақстанның 40 азаматы мен бес шетелдік ұсталды. Қазіргі уақытта оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

ҰҚК Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын нақтылады.

Бүгін, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.