Атырау, 24 қараша 12:11
 дождьВ Атырау +4.2
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Қазақстанда мұғалімдер үшін арнайы байланыс орталығы ашылды: 1472 нөмірі қандай мәселелерді шешеді

45 рет қаралды
СhatGPT көмегімен жасалған сурет
СhatGPT көмегімен жасалған сурет

Қазақстанда педагогтерге жедел көмек көрсету және олардың құқықтарын қорғау мақсатында 1472 бірыңғай байланыс орталығы іске қосылды. Қызметтің іске қосылғаны туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова хабарлады.

Жаңа байланыс орталығы «Ұстаз» платформасы негізінде жұмыс істейді. Ведомство барлық мұғалімдердің өтініштері қатаң құпиялылық сақтала отырып қабылданатынын атап өтті.

Министрдің айтуынша, бұған дейін педагогтер өз шағымдарына жауап алу үшін айлап күтіп, түрлі мекемелердің табалдырығын тоздыруға және бірнеше рет қайта өтініш жіберуге мәжбүр болған. Бірыңғай байланыс желісінің іске қосылуы мұғалімдерді бюрократиялық кедергілер мен әуре-сарсаңнан арылтуы тиіс.

«Біз үшін педагогтің өз мәселесімен жалғыз қалмауы, оның өтінішін естіп, дер кезінде әрекет ету және нақты шешім табуға көмектесу аса маңызды», – деп атап өтті Жұлдыз Сүлейменова.

1472 нөміріне қандай мәселелер бойынша хабарласуға болады:

  • жалақы мен тиісті қосымша төлемдердің есептелуі;

  • еңбек даулары мен жұмыс жағдайлары;

  • мектеп әкімшілігімен немесе оқушылардың ата-аналарымен туындаған жанжалдар;

  • әдістемелік қолдау алу;

  • педагогтердің кәсіби қызметіне қатысты басқа да мәселелер.

Қазіргі уақытта 1472 байланыс желісі тестілік техникалық режимде жұмыс істеп тұр. Алдағы екі апта ішінде министрлік мамандары жүйенің жұмысын тексеріп, ықтимал ақауларды жояды. Оқу-ағарту министрлігінің басшысы мұғалімдерді қызметті қазірден бастап белсенді пайдалануға және өз пікірлерімен бөлісуге шақырды.

Бүгін, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.