Атырау, 24 қараша 14:33
 дождьВ Атырау +4.2
$ 455.12
€ 498.99
₽ 5.55

Өрттен аман: Патрульдік полиция 38 жылқыны жүк көлігінен шығарып үлгерді

33 рет қаралды
видеодан скриншот
видеодан скриншот

Таңертең Алматы – Өскемен тас жолының 175-шақырымында 38 жылқы тиелген Volvo жүк көлігі жүріп келе жатқанда өртенді. Бұл туралы полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті байқаған патрульдік полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, өрт сөндірушілер келгенге дейін өрт сөндіргіштермен жалынды сөндіруге және жануарларды жүк көлігінен шығаруға кіріскен. Нәтижесінде 38 жылқының барлығы дер кезінде қауіпсіз жерге шығарылды.

Белгілі болғандай, жүргізуші жануарларды Күршімнен Шымкентке алып бара жатқан. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бүгін, 14:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.