
Алматы қаласының Медеу ауданында қарапайым дастарқан басындағы отырыс кісі өлімімен аяқталды. Полицияның мәліметінше, жеке үйдің 50 жастағы иесі жанжал кезінде 45 жастағы танысына пышақ жарақатын салып, оны өлтірген. Кейін қылмысын жасыру үшін марқұмның денесін жертөлеге жасырмақ болған.
Алматы қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға бірге алкогольдік ішімдік ішу кезінде болған. Ер адамдар арасында жанжал туындап, тергеу нұсқасы бойынша, үй иесі пышаққа жүгінген.
Алған жарақатынан 45 жастағы ер адам көз жұмды. Оқиғадан кейін күдікті марқұмның денесін өз үйінің жертөлесіне апарып, қылмыс іздерін жасыруға тырысқан.
Алайда бұл әрекеті жүзеге аспады. «Буран-609» патрульдік полиция экипажының қызметкерлері күдіктіні оқиға орнында жедел ұстады. Оқиға орнынан қылмыс жасау кезінде қолданылған болуы мүмкін пышақ тәркіленді.
Аталған дерек бойынша адам өлтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды. 50 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
В Атырау +9.6