
25 қарашада Атырау – Астрахан жолының Құрманғазы ауданындағы бөлігінде ауа райы нашарлады. Қар аралас жаңбыр салдарынан жолда көктайғақ болып жатыр. Жүргізушілерге аса қажеттілік болмаса, жолға шықпауға үндеу жасалды.
Полиция таратқан бейнеүндеуде айтылғандай, түн ортасына таман Құрманғазы ауданындағы жол бөлігінде жауын-шашын түсіп, жол беті мұздай бастаған.
Көлік жүргізушілеріне жазғы дөңгелектерді қысқы дөңгелектерге алдын ала ауыстырып, жылдамдық режимін сақтау және рөлде барынша сақ болу ұсынылды.
«Ерекше қажеттілік болмаса, жолға шығудан бас тартуды сұраймыз», – делінген үндеуде.
Республикалық жолдардың қазіргі жағдайын 1403 нөмірі арқылы нақтылап сұрап алуға болады.
В Атырау +5.5