Атырау, 25 қараша 12:56
 дождьВ Атырау +5.5
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Актерлік курсқа төлеген 1,69 млн теңгесін қайтара алды

48 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Астаналық әйел кәсіпкермен «Бастапқы актерлік шеберлік» курсына қатысу және фильм түсіріліміне түсу туралы келісімшарт жасасқан. Алайда оның айтуынша, сабақтар да, түсірілім жұмыстары да басталмаған.

Әйел қызмет көрсетушіге келісімшартты бұзып, ақшаны қайтару туралы талаппен жазбаша шағым жолдаған. Келісімшартта көрсетілген ақшаны қайтару мерзімі аяқталған соң, ол елордалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінген.

Ведомствоның хабарлауынша, департаменттің араласуынан кейін кәсіпкер 1 690 000 теңгені толық көлемде қайтарған.

Бүгін, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.