
Қазақстандықтарға емделуге келісімді онлайн рәсімдеуге рұқсат беріледі, ал медицинада қолданылатын нейрожелілер үшін бірыңғай қауіпсіздік стандарттары енгізіледі. Тиісті заң жобасын Құрылтай депутаттары бірінші оқылымда қарады.
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша түзетулерді Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев таныстырды. Оның айтуынша, құжат медициналық ұйымдардағы қағазбастылықты азайтуға, пациенттердің деректерін қорғауды күшейтуге және жасанды интеллектіні қолдану кезіндегі жауапкершілік шегін айқындауға бағытталған.
Заң жобасында қандай өзгерістер ұсынылған:
- Процедураларға онлайн келісім беру. Медициналық араласуға ақпараттандырылған келісімді қағаз бланкілерін пайдаланбай, цифрлық форматта рәсімдеп, қол қоюға болады.
- Медициналық деректерге қол жеткізу. Азаматтардың электрондық сервистер арқылы өз денсаулығының жай-күйі туралы барлық ақпаратты алу құқығы бекітіледі.
- Нейрожелілерді бақылау. Жасанды интеллектіні медицинада тек көмекші құрал ретінде пайдалануға рұқсат етіледі. Диагноз қою және ем тағайындау құқығы бұрынғыдай тек емдеуші дәрігерде қалады.
- Дерекқорлардағы қателер үшін жауапкершілік. Медицина қызметкерлері цифрлық жүйелерге енгізетін мәліметтердің дұрыстығы үшін жеке жауап береді. Сонымен қатар пациенттердің медициналық деректерін қорғау күшейтіледі.
В Атырау +5.5