Атырау, 25 қараша 15:09
 дождьВ Атырау +5.5
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Атырауда Infinity Fitness-тегі сауна өртеніп, сауда орталығы уақытша жабылды

59 рет қаралды

25 қарашада Атырауда Infinity Mall сауда-ойын-сауық орталығының жанындағы Infinity Fitness фитнес-клубының саунасында өрт шықты. Түтін шығуына байланысты сауда нүктелері жұмысын уақытша тоқтатты.

Infinity Mall әкімшілігінің мәліметінше, өрт шамамен сағат 10:00-де шыққан. Өрт тез сөндірілді. Дегенмен осы жағдайға байланысты сауда орнының әкімшілігі ғимарат ішіндегі ауаны тазартып алу үшін сауда орталығын уақытша жабу туралы шешім қабылдады.

«Қазір ғимараттың ішіндегі ауа тазартылып жатыр. Infinity Mall сауда нүктелері шамамен сағат 15:00-де жұмысын қайта бастайды», – делінген әкімшілік хабарламасында.

ТЖД өкілдері өрт Сәтбаев көшесіндегі төрт қабатты сауда-ойын-сауық орталығының екінші қабатында орналасқан фитнес-клубтың бу бөлмесінде шыққанын нақтылады.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде ғимарат ішін түтін басқан. Барлау жүргізіп, отты сөндіру үшін құтқарушыларға газ-түтіннен қорғау қызметінің буындарын тартуға тура келді.

Өрт сөндірушілер оттың одан әрі таралуына жол бермей, жалынды толық сөндірді.

ТЖМ дерегінше, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Бүгін, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.