Атырау, 25 қараша 16:13
 снегВ Атырау +1.5
$ 458.28
€ 501.45
₽ 5.59

Қостанай облысында жоғары лауазымды салық қызметкерінің ұсталғаны туралы ақпарат тарады

49 рет қаралды
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қостанай облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің камералдық мониторинг басқармасының басшысы Шынқұсхан Есмұхановтың ұсталғаны туралы хабар тарады. Бейресми дерекке сүйенсек, іс миллиондаған параға қатысты болуы мүмкін.

«Наша Газета» басылымы дереккөздерінің мәліметінше, Есмұханов 2026 жылғы 20 қарашада ұсталған болуы мүмкін.

Редакция сұхбаттасқан адамдардың айтуынша, бірнеше миллион теңге көлеміндегі пара бір кәсіпорынның жүздеген миллион теңге салық төлеуден жалтаруына байланысты болуы мүмкін.

Алайда бұл мәліметтер әзірге ресми түрде расталған жоқ. 

Ұстады деген оқиғаның мән-жайы, қылмыстың саралануы және шенеуніктің іс жүргізу мәртебесі белгісіз.

Журналистер ақпарат алу үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментіне жүгінді.

Ведомство Шынқұсхан Есмұхановтың жұмыс орнында жоқ екенін ғана растады.

«Департаментте өзге ресми ақпарат жоқ. Осыған байланысты нақты мәлімет алу үшін тиісті уәкілетті органға жүгінуді ұсынамыз», – деп хабарлады МКД баспасөз қызметі.

Бұған дейін өңірде салық шенеунігі бұрын да ұсталған еді

Бұл Қостанай облысының салық органдары қызметкерлерінің жемқорлық жасауы мүмкін деген алғашқы хабар емес.

2026 жылғы сәуірде ҰҚК аудандық мемлекеттік кірістер басқармаларының бірінің басшысына қатысты пара алу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатқанын растады.

Кейін Қарасу аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының бұрынғы басшысы Аязбек Кулназаров шаруа қожалығы өкілінен салық заңбұзушылықтары анықталды деген желеумен 7 миллион теңге талап еткені белгілі болды.

Тамыз айында сот оны мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, екі жыл жеті ай және 15 күнге бас бостандығынан айырды.

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.