
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Атырау облысында желтоқсан мен ақпан әдеттегіден жылы болады. Қаңтарда өңірдің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық нормаға жуықтайды, ал облыстың батысында жауын-шашын әдеттегіден көп түседі деп болжанып отыр.
Желтоқсанда орташа температура климаттық нормадан 1–2 градусқа жоғары, ал жауын-шашын мөлшері әдеттегіге жақын болады. Облыс бойынша норма 9–18 мм құрайды. Желтоқсанға арналған жеке болжамға сәйкес, үшінші онкүндіктің басында өңірдің солтүстік-шығысында түнде −24 °C-қа дейін суытуы мүмкін. Жекелеген күндері синоптиктер жаңбыр, қар аралас жаңбыр, көктайғақ және тұман күтеді.
Қаңтарда облыстың басым бөлігінде орташа температура нормаға жуық болады. Бұл көрсеткіш ауданға байланысты −10-нан −5 °C-қа дейін өзгереді. Өңірдің батысында жауын-шашын әдеттегіден көп, ал қалған аумақта норма шамасында болжанады.
Ақпанда орташа температура нормадан 1–3 градусқа жоғары болады. Жауын-шашын мөлшері осы айға тән әдеттегі шамаға жуықтайды. Облыс бойынша климаттық норма 6–14 мм құрайды.
Маусымдық болжам консультативтік сипатқа ие. Күн қашан суытып, қашан жауын-шашын болатынын «Қазгидромет» қысқа мерзімді болжамдарында нақтылайды.
В Атырау +1.5