Атырау, 20 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Жер митингісіне бір жыл: бұл қалай болды

8 248 просмотра
Үкімнен соң. Атырау, 28.11.16

Бүгін, 24 сәуір күні Атырауда өткен жер митингісіне тура бір жыл толып отыр. Дәл осы күні мыңдаған адам жерді cатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруге Махамбет-Исатай алаңына жиналған болатын. Бұдан кейінгі күндері Қазақстанның тағы бірнеше қаласында осындай көше наразылықтары орын алды.

Сонымен, рұқсат етілмеген митинг түс әлетінде басталып, төрт сағатқа созылды. Түскі сағат 12-ден кете алаңға әуелі жүз адамнан астам адам жиналды, кейін сағат 14-тен асқанда олардың саны лық толып кетті. Қарақұрым халық «Жер шетелдіктерге сатылмасын, жалға да берілмесін» деп талап етті. Жиналғандардың алдына Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ және Атырау облысы Жер қатынастары басқармасының басшысы Арман БАЖЕНОВ шығып, жаңа Жер кодексінде Қазақстанның егемендігіне қауіпті ештеңе жоқ екендігін түсіндіруге тырысты, алайда оларды дұрыс тыңдамады.

Кейін олармен келіссөз жүргізуге облыс әкімі Н.Ноғаевтың өзі келді. Ереуілші халық одан сегіз азаматтық белсендіге (Макс БОҚАЕВ, Талғат АЯНОВ, Жасұлан МҰСАБЕКОВ, Ерлан БАШАҚОВ, Әлібек МҰСАҰЛЫ, Сағынғали ҚАПИЗОВ, Гатауғали БОХАНн және Құбайдолла ШОЛАҚ) қатысты қылмыстық істі тоқтатуды және жиналғандардың бірде-біреуі ертең қудаланбайтынына уәде беруді талап етті. Бұл оның құзіретінде еместігін мәлімдеген облыс әкімі алаңнан кеткен соң митингішілермен қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВ келіссөз жүргізуге кірісті. Одан халық алдында жоғарыда аталған 8 белсендіні және бүгінгі митингіге қатысқандардың бірде-бірін жауапқа тартпаймыз деп сөз беруін талап етті. Прокурор мұндай уәде беруге құқылы еместігін айтып, бәрі заң жүзінде шешіледі деп мәлімдеді.

Бұдан соң облыс және қала әкімдері алаңға оралып, адамдармен келіссөздерін жалғастырды. Облыс әкімі митингіге қатысушыларға ешкім қудаланбайтынын мәлімдеді. Жиналғандар оның халық алдында уәде беруін талап етті. Әкім бұған өзінің қашан да өз сөзіне жауап беретінін айтты. Облыс әкіміне митингіге шығушылардың талаптарын үкімет пен парламентке жеткізуді, екі жақ 21 мамыр күні сағат 11-ге дейін ереуілшілер қол қойған арызға жауап берілуі керек деп келісті.

Бұдан кейін не болғаны белгілі: республикалық комиссия құрылды, содан кейін Жер кодексіндегі өзгерістерге 2021 жылдың аяғына дейін мораторий жарияланды. Ал өткен жылы 28 қарашада азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянов 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Естеріңізге салсақ, жақында «әкім лауазымындағы бір жыл» тақырыбында өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ноғаев сол күндердегі өз әсері туралы ашық әңгімелеген болатын: «Ол жерде ойланып отыратындай жағдай болған жоқ. Өзіңіз көрдіңіз ғой қандай екенін. Бардық, халық көп, өртеніп тұрған ортаға кірудің өзі қандай болады... Мен ол кезде бір нәрсе болады-ау, қалай болады-ау деп барған жоқпын, себебі бұл жергілікті халық, Қазақстан халқы... Оған дейін менің орынбасарым, қала әкімі барды, бірақ мәселе шешілген жоқ, сондықтан, түсінбейтін сұрақтар бар... Мүмкін сыртқы пішінімнен білінбейтін шығар, бірақ, менің қазір ішім қайнап жатыр. Бұл азаматтармен қазір қалай сөйлесемін, не істеймін...».

Айнұр САПАРОВА

Сурет «АЖ» мұрағатынан алынды

24 сәуір 2017, 20:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.