Атырау, 21 желтоқсан 03:12
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Ноғаевпен өткен бір жыл

Бейнежазба
5 143 просмотра
Сурет "АЖ" мұрағатынан алынды

Өткен жылы 26 наурызда сол кездегі премьер-министр Кәрім МӘСІМОВТІҢ, Президент Әкімшілігінің басшысы Нұрлан НИҒМАТУЛЛИННІҢ, Парламент Мәжілісінің төрағасы Бақтықожа ІЗМҰХАМЕТОВТІҢ Атырауға келіп, жергілікті депутаттарға облыстың жаңа әкімі Нұрлан НОҒАЕВТЫ таныстырғаны оқырмандардың есінде шығар. Жұма күні Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтің оның осы лауазымда болған жылына арналғанын болжау қиын емес.

Өйткені, жақында 22 ақпанда ол тұрғындармен есептік кездесу өткізді, ал облыстық басқармалардың басшылары кесте бойынша журналистермен әр апта сайын дерлік кездеседі. Нұрлан Асқарұлы әдеттегідей кіріспе баяндама жасаудан бірден бас тартып, серпінді «сұрақ-жауап» форматына көшті. «АЖ»-дан қойылған алғашқы сұрақ ең өткір әрі «қолайсыз» сұрақ болды:

- Атырауда жер кодексіне енгізілген өзгерістерге қарсы наразылық митингісінің өткеніне биыл бір жыл толуы жақын. 

Бұл сіздің жаңадан облыс әкімі болып тағайындалған кезде орын алған алғашқы елеулі оқиға болатын. Қазір осы митинг туралы материал дайындау кезінде саясаттанушылардың, блогерлердің пікірлерін жинаймыз. Бірақ олар осы оқиға туралы БАҚ-тардан ғана оқып, көріп, біліп отыр. Ал сіз сол 3-4 сағатқа созылған митингіде халықпен бірге болдыңыз, қалай болғанын өз көзіңізбен көрдіңіз. Сондықтан сіздің пікіріңіз әлдеқайда қызықты. Ол кезде алаңға жиналған қарақұрым халықты тарату мақсаты тұрды алда. Шын мәнінде жағдай алай-бұлай болып кетуі мүмкін еді. Сол көп халықтың алдында тұрғанда өзіңізді қалай сезіндіңіз? Митинг кезінде сізге бірінші қандай ой келді?

- Ол жерде ойланып отыратындай жағдай болған жоқ. Өзіңіз көрдіңіз ғой қандай екенін. Бардық, халық көп, өртеніп тұрған ортаға кірудің өзі қандай болады. Бірақ, жыл қорытындысы бойынша журналистермен брифинг болады деп ескертілсе де, сіздердің алдарыңызға келгеннің өзінде мен толқып отырмын қазір. Негізі адаммен кездесудің өзі толқумен болады екен. Мен ол кезде бір нәрсе болады-ау, қалай болады-ау деп барған жоқпын, себебі бұл жергілікті халық, Қазақстан халқы... Оған дейін менің орынбасарым, қала әкімі барды, бірақ мәселе шешілген жоқ, сондықтан, түсінбейтін сұрақтар бар. Қазіргі отырысты да соған теңеуге болады. Былтыр 24 сәуірде халықпен кездескенде, жалпы халықпен әр кездесу кезінде, сіздермен кездесу кезінде толқыныс үстінде боламын. Мүмкін сыртқы пішінімнен білінбейтін шығар, бірақ, менің қазір ішім қайнап жатыр. Бұл азаматтармен қазір қалай сөйлесемін, не істеймін... 

- Осы сұрақтың жалғасы ретінде мынаны білгім келеді. Митингтің өткеніне бір жылдай болды, содан бері біраз өзгерістер орын алды. Арнайы жер комиссиясы құрылып, көшпелі отырыстардың бірі Атырауда да өтті. Комиссия жұмысы аяқталған соң 2021 жылға дейін Жер кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жарияланды. Екі белсендіге сот шешімі шықты. Осы секілді қандай да бір тарихи оқиғаларға қатысты жаңа фактілердің ашылуымен адамдардың да пікірі сан рет өзгеріп отырады.  Қазір әкім ретінде емес, жеке тұлға ретінде сіздің ойыңыз бұл митингке қатысты өзгерді ме? Не ойлайсыз?

- Басқа жағдайларда саясаткерлердің кәсіби өмірі мен жеке өмірін ешкім айырмайды. Ал бұл жерде сіз мені айырып алғыңыз келеді. Мен осы жерде облыс әкімі ретінде, жауапты лауазымды тұлға ретінде айтқым келді, жеке пікірім де, ресми пікірім де бір. Ол болған оқиғаға кезінде баға берілді, заң тұрғысында да, сондықтан, менің пікірім бір.

Келесі сұрақ кадрлар туралы болды. Мәселен, формальды түрде бізге президент әкімшілігінен келген Атырау әкімі Серік ШАПКЕНОВ 2015 жылға дейін көршілес Батыс Қазақстан облысында мансап баспалдағынан өткен, ал жақын арада облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының кабинетіне сүргі салынды.

- Егер сіздер егжей-тегжейін білгілеріңіз келсе, егер бұл біреулердің шамына тиген болса - иә, ол Батыс Қазақстан облысының тумасы, жұмыс жасауға бізге келді. Түптеп келгенде, оның әкесі Қызылқоға ауданынан, - деп Нұрлан Ноғаев қызбалана сөйлей бастады. – Екінші жағынан, ол мұнда президент әкімшілігінен келді. Оның өмірлік тәжірибесі жеткілікті, бүгінде ол өз алдына қойылған міндеттерді ойдағыдай атқаруда. Ол президент әкімшілігінің келісімімен конкурссыз тағайындалды. Спорт басқармасының басшысы Азамат БЕКЕТ пен басқалары конкурс бойынша өтті, мәдениет басқармасының басшысы маған дейін тағайындалды. Бұл жерде ешқандай заң бұзушылық жоқ, олардың барлығы жақсы жұмыс жасауда. Жалпы, бұл конституциялық құқықты шектеу, әр адам өзі қалаған жерде және лайықты болған орында жұмыс жасай алады. Ал Оралда, Астанада қаншама атыраулықтар жүр, бұлай бөлінуге болмайды ғой!

Аманбек ЖҰМЫРОВҚА келер болсақ, онда облыстың бас медигі өз қалауы бойынша лауазымынан кетті. Қазіргі кезде осы лауазымның орнын басуға конкурс жарияланды және үміткерлерге іріктеу жүргізілуде.

- Оның кабинетіне сүргі салуға келер болсақ, менде ондай ақпарат жоқ. Бәлкім, оның әріптестері ол кабинетке заңсыз кірді деп айыптамасын деп, сақтанып, сүргі салған шығар. Бұл жерде атыраулықтар жұмыс жасамайды деп сіздер қынжыла қабылдайсыздар. Біз тәжірибесі бар жергілікті мамандарға және басқа өңірлердің медиктеріне конкурсқа қатысуды ұсындық, – деп әкім ерекше атап өтті. – Бірақ ниет білдіріп отырғандар аз.

- Медикті әкеліңіз, біз келісеміз, – деген дауыстар шықты залдан.


«АЖ» әкімнен мектептердегі ыстық тағам сапасына қатысты комментарий беруді өтінді. Өйткені, жақында ғана газетіміз тексеріп, ата-аналарға сауал жүргізген болатын. Сөйтсек, өңір басшысы ахуалмен танысып, балаларды ыстық тағаммен қамту жөніндегі тапсырмасының лайықты деңгейде орындалмай отырғанын анықтапты. Осыған байланысты шаралар алынатын болады.  Оның пікірінше, мұндай жағдайларда міндетті түрде жұртшылықтың, ата-аналар мен білім беру басқармасының тарапынан тексеру жүргізілуі тиіс. Көп жылдардан бері дренаж жүйесінің жоқтығы, соның салдарынан Атырау үйлерін үнемі су басатыны өзекті проблема болып келеді. Қазіргі уақытта жеке тұрғын үй құрылысына тек белгілі бір инфрақұрылым: жарық, су, газ, таяу уақыттан бері көлік жолдары болған жағдайда ғана жер телімдері беріледі. Сонымен қатар, біздің топырақтың ерекшелігі сондай, олар міндетті түрде кәріз жүйесін жүргізуді талап етеді. Жеке секторда үй салу кезінде оның қожайындарының көбінесе ішіндегісі топыраққа кететін  «саңылаулы» септиктер орнататындығы баршаға аян. Біздің топырағымыздың өткізу қабілетінің нашар, тұзды екенін ескеріп, біздің өңіріміз үшін міндетті коммуникациялар қатарына орталық кәрізді қосу керек пе? Оған жаңадан салынып жатқан ықшамаудандар, сондай-ақ, соңғы 10 жылда салынған аудандар қосыла ма?   

Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, өткен жылдардың тәжірибесін ескерген әкімдік жаңа маусымға әзірленген, қосымша сорғылар алынған. Сәтпаев даңғылының бойы мен қаланың басқа бөліктеріне арықтар жасалып, олар кәріздік желілерге қосылған. Жаңа жүйе жұмыс жасауда. Бірақ, өкінішке орай, қалада дренаж жүйесін жасау міндетін шешу әзірге мүмкін болмай отыр, деп мойындады әкім. Едіге Сабуровтан басқа осы мәселемен айналысуға ниет білдіріп отырған басқа фирмалар жоқ. Десе де, билік осы бағытта жұмыс жасап, осы мақсатта ғылым мен өткен жылдардың тәжірибесін пайдаланатын болады. Ең алдымен жаңа баспаналар, жолдар салынып жатқан аудандарға нөсерлік кәріз жүйесі жүргізіледі, мұндай жүйелер жоқ жерлерге салынады. Мамандар су жиналып қалатын ондаған аласа жерлерді белгіледі. Қазір оны кәріздік жүйеге тартып шығару мәселесі талқылануда. Көбінесе жолдарды асфальттау кезінде олар үйлерден жоғары деңгейде қалып, нәтижесінде жол төсеміндегі бүкіл су жеке аулаларға құйылады деген шағымдар айтылады. Мұндай шағымдар Атыраудың ескі бөлігіндегі тұрғындардан жиі түседі.  

- Өткен жылы қаланың бас жоспары қабылданды. Соған сәйкес, ескі бөлік күреліп, содан соң жаңа жоба бойынша салынатын болады.  Осы жобаны жүзеге асыру үшін біз жеке инвесторлар мен басқа да қаржы көздерін іздестіреміз, - деп атап өтті әкім. Жеке сектордағы орталық кәріз жүйесін орнатуға келер болсақ, оның пікірінше, бұл бүгінгі күнгі анағұрлым маңызды міндеттердің бірі. Бірақ әкімдік әзірге оны техникалық шешу жолын көре алмай отыр. Бұл мәселе зерттелуде.

Өңір басшысы лауазымына тағайындалған кезден бастап Нұрлан Ноғаев заңсыз балық кәсіпшілігімен күресуге көп көңіл бөлуде. Тіпті, браконьерлер тарапынан оған қоқан-лоққылар жасалғанын мойындады. Алайда, заңсыз ауланған балықтар бұрынғыша тек Атырау базарларында ғана емес, көршілес қалаларда да емін-еркін сатылуда. Ал балықтың бағасы үнемі өсуде, кейде қара балықтың бағасы еттен де қымбат тұрады.

- Менің әріптестерім Атырауда, Құрманғазы ауданында түсіндірме жұмыстарын өткізіп, Жанбай мен Забурын тұрғындарымен кездесті. Бірнеше жыл бұрын ереже қабылданып, соған сәйкес қуаттылығы 20 ат күшінен асатын кемелермен балық аулауға тыйым салынған. Ал балықшылар теңізге 100 ат күшіне дейінгі қуаттылығы бар моторлы жүзу құралымен шығады. Тұрғындар наразы болып, құдды табиғат пайдаланушылар оларға осы қайықтарды белгілі бір балық мөлшеріне айырбастау үшін қарызға бергендей, оларды несиеге алғандарын, олардың жалғыз табыс көзі балық аулау екенін айтады. Бірақ біз тұрғындардан заңсыз қызметті тоқтатуды ғана талап етіп отырғанымыз жоқ. Біз оларға табыс табудың баламалы жолдарын ұсынып отырмыз. Атап айтқанда, облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы арқылы ауыл тұрғындары өздеріне жұмыс таба алуы үшін осы елді мекендерге бос орындар жәрмеңкесін өткізу ұйғарылды. Түске дейін бізде орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы тұлғаның қатысуымен кеңес болып өтті. Егер біз бүкіл жоспарланған шараларды іске асыратын болсақ, онда бізде балықтар жеткілікті болады және оның бағасының да түсетінін айтқым келеді.

Өңір басшысы, сонымен қатар, биыл ауыл шаруашылығы үшін субсидиялар тізімінің көбейгенін хабарлады. Бұл шаралар өнімділікті арттырып, егіс алаңдарын көбейтуге бағытталған. Біздің облысымыз 1,5 млрд теңгеден астам субсидия алды. Егер өткен жылы облыстағы егіс алаңдары 7600 гектар жерді алып, оның 1927-іне тамшылатып суару қолданылған болса, енді биыл алаңдарды 8400 гектарға дейін көбейту, оның 2300-ін тамшылатып суару арқылы көбейту жоспарланып отыр. Тамшылатып суаруға жағдай жасау үшін осы технологияға қолданылатын жабдық құнының 30%-ын мемлекет субсидиялайтын болады.

Бүгінде облысты толықтай өз картобымен қамту міндеті тұр. Әзірге жергілікті шаруалар қажетті көлемнің 40 пайыздай шамасын өсіруде.



Айнұр САПАРОВА, Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті және бейнежазбаны түсірген Марат ТАКУЛИН

1 сәуір 2017, 20:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.