1 2 3 4
Атырау, 24 наурыз 15:09
Кешке бұлыңғыр болады+4, түнде +2
ҚР Ұлттық банкінің валюта бағамы: $ 315.55  € 338.93  P 5.53

Сұрақ-жауап


Страницы:1234...35

предыдущаяследующая


2 наурыз

ЭКСПО-ға дейін 3 ай бар

Күйеу балам әйелім екеумізге ЭКСПО-ға уақыты белгіленбеген күнге билет тарту етті. Біз көрме күндері Астанаға бара алатындығымызға сенімді емеспіз. Бізге билетті тапсырып, ақшасының белгілі бір пайызын қайтаруға бола ма? Көршілерім бұған тырысудың да қажеті жоқ, зейнеткерлер үшін билеттер қымбат емес, дейді. Ал әйелім екеумізді ақшаның далаға кететіні қынжылтады.

405 рет қаралды

Депутат үнсіздігі

Нұр Отан» партиясының қалалық филиалына, менің пікірімше, "Қазақтелекомның", менің пікірімше,  заңсыз әрекеттері туралы шағымдандым. 2015 жылдың мамырынан бастап «Қазақтелеком» абоненттері кәсіпорын қызметін тікелей төлей алмайды және әр төлемнен қосымша 2 және одан да көп пайыз ұстап қалатын терминалдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Менің бірінші шағымым қалалық мәслихат депутаты М.Шырдабаевқа жіберілген. Мен оның қабылдауында болдым. М.Шырдабаевтың жауабын күтпестен «Нұр Отанға» тағы да шағымдандым. Мені А.Салиховқа жолдады. Бұл жолы да үнсіздік орнады. Үшінші жолы мені депутат А.Ташлыковқа жіберді. Олардың барлығы да әрқайсысы ресми түрде тіркелген жазбаша шағымды қарауға уәде берді. Бірде-біреуі сөздерінде тұрмады.

292 рет қаралды

Пациенттердің көші-қоны

Емханалар тұрғындарды бекіту акциясының басталғаны туралы жариялаған кезде мерзімдерін ескертеді. Соңғы рет, 2016 жылы, мәселен, бізде емханада 15 қазан мен 15 қараша аралығында мерзімдері көрсетілген хабарландыру ілініп тұрды. Бұл қаншалықты дұрыс? Жалпы, мен емхананы жылына неше рет ауыстыра аламын және мұны қандай мерзімде жасай аламын? Айталық, қазір мен бір емханаға тіркелгенмін, ал наурызда басқасына кеткім келсе ше? Әлде тұрғындарды тіркеу жүргізілетін белгілі бір мерзім бар ма?

264 рет қаралды

Денсаулық сақтауға арналған жүйе

Мен «Жарқын болашақ KZ» ЖШС-нің «КазМедИНФОРМ» жүйесі бүгінгі күні облыста енгізіліп жатқан «Даму» ЖШС-нің кешенді медициналық ақпараттық жүйесінен (КМАЖ) анағұрлым атқарымды, КМАЖ-де «КазМедИНФОРМ» ұсынатын мазмұнның бар болғаны 3-5 пайызы бар, деп оқыдым. Әрі қарай пайдаланған кезде одан да үнемді болады, дейді. Бұл дұрыс па және емдеу мекемелері үшін бағдарламалық қамтуды кімдер таңдайды?

324 рет қаралды


16 ақпан

Жылу берушілердің ізгі көмегі

– Ыстық сумен қамту жүйесінен лас су келіп тұр. Жылу жүйелері кәсіпорнының диспетчері жүйеде қысымның түсіп кеткенін айтады. Ақау қашан жойылады?

307 рет қаралды

Сыйақы тиесілі ме?

«Өрт сөндіруші» АҚ басшысының бұйрығы бойынша біздің мекеме штаты 2016 жылдың 31 желтоқсанында қысқартылды. 25 күн үшін тиесілі өтемақыны алдық. Алайда, кейін штатта қалған қызметкерлер 2016 жылдың қорытындысы бойынша сыйақы алды. Қысқартуға ұшыраған қызметкерлерге бұл сыйақы тиесілі ме? Өйткені, біз 2016 жыл бойына толық жұмыс жасадық қой. 


265 рет қаралды

Сақтандыру құжатының маңызы зор

- Біздің 83 жастағы көршіміз - Ресей азаматы. Бірақ, Атырауда тұрақты мекенжайға тіркелген. Бірде-бір қалалық емхана оны есепке алмайды. Мұндай жағдайда не істеу керек?

357 рет қаралды

Желідегі мазасыздық

Біздің көршілеріміз өз жер телімдерінде ұялы байланыс антеннасын орнатты. Оның есесіне енді біздің үйіміз бірде-бір желіге қосылмай қалды. Бұл заңды ма? Мұндай антенналардың денсаулыққа қаншалықты зияндығы бар? 


257 рет қаралды


9 ақпан

Ауруханаға жату оңай емес

- Бізде ауруханада жатып ем алу неліктен үлкен проблема? Жағдайы ауыр адамдарға амбулаториядан көмек алуды ұсынады. Алайда, мұндай жағдайдағы адамның емханаға бара алмайтындығы, ол жерде алдымен дәрігерге, содан соң таң атпай ұзын-сонар кезекке тұрып, анализ тапсыра алмайтындығы түсінікті. Шақыртуға келген жедел жәрдем мамандары пациенттерге: қазір сізге дәрі егіп,  қан қысымын төмендетеміз, бірақ, ол кезде аурухана сізді қабылдамайды немесе өміріңізге қауіп төндіріп, ауруханаға апарамыз, деп таңдау жасататын жағдайға дейін барады. Сөйте тұра ауруханалардың бос тұрғанын, оларды қайтадан оңтайландырып, кереуеттерді қысқартып, көппрофильді мекемеге айналдыру керектігін айтады.

375 рет қаралды

Көзілдірігіңіз қайда?

– Мен мерзімі өтетін жүргізуші куәлігімді жаңарту үшін медициналық анықтама ресімдедім. Барлық мамандардан медициналық қорытынды алып, мөр соқтыру үшін ДКК (дәрігерлік-консультациялық комиссия) кабинетіне әкелдім. Бұл ресімдеудің соңғы бөлімі. Алайда бұл кабинеттегі маман фотосуретке менің көзілдіріксіз түскеніме сілтеп, мөр басудан бас тартты. Ал офтальмологтың қорытындысында «көзілдірік-пен жүргізуге жарамды» деген мәлімет бар. Яғни, ол жаңартылған куәлікке қажетті медициналық анықтама үшін қайта суретке түсуге міндетті екенімді айтады. Мен көзілдірік кимеймін, линза қолданамын. Емхана қызметкерінің мұндай талап қоюға құқығы бар ма?

312 рет қаралды


2 ақпан

ЕурАзЭО-мен тең

Баспасөзде 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті төрағасының бұйрығымен реттелетін нарықтардағы үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тiзiлiмінің жойылғаны туралы ақпарат жарияланды. Бұйрықтың күшін түсіндірсеңіздер.
azh.kz сайтынан

185 рет қаралды

Жол белгілерінің «тілі»

– Неліктен халықаралық трассаларда ақпараттық қалқандар ағылшын және қазақ тілдерінде ғана орнатылған? Неліктен орыс тілінде жоқ?

194 рет қаралды


12 қаңтар

Сот орындаушысына қолайлы

– Неліктен сот орындаушылары ештеңе жасамай-ақ, өз қызметін төлеуге мәжбүрлейді? Мен мойнымда айыппұл бар-жоғын тексеруді ұйғарып, ЖПҚ-ға барып, бір айыппұлым бар екенін білдім. Төлегім келген, бірақ, мені сот орындаушысына жіберді. Ол айыппұлға қоса, оның «қызметі» үшін тағы 5 мың теңге төлеуге тиіс екенімді мәлімдеді. Ол мені іздеген жоқ, ешқандай жұмыс істемеді. Мен өзім келдім, сонда не үшін төлеуге тиіспін?


330 рет қаралды


15 желтоқсан 2016

Препаратпен толық қамтылған

Анам Сәуле Құбаева №1 емханада эндокринологтың есебінде тұр. Ол жыл бойына өзіне тиесілі дәрі-дәрмектерді: сиофор, амарил және басқаларын толық ала алмайды. Оған 1-2 қораптан 3 рет дәрі-дәрмек берді. Бұл тек бір айға ғана жетеді. Емханадағы дәрігерлер дәрі-дәрмектердің медицина мекемесін қажетті көлемде қамтымай отырған облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың кінәсінен берілмей отырғанын айтады...

294 рет қаралды

Асфальт бір жылдан кейін салынады

2010 жылы көршілес Темірханов пен Типографическая көшелері асфальтталды. Ал біздің көше мен Вагонный өткеліне ол кезде, шамасы, ақша жетпеген секілді. Тұрғындар осы уақыт бойына хат жазып, қалалық әкімдік кабинеттерінің табалдырығын тоздырып келеді. Биыл бізге жобалау-сметалық құжаттаманың әзір екенін, жобаның таяу уақытта «НКОК Н.В.» компаниясының қаржысына жүзеге асырылатынын айтқан еді. Асфальттау жұмыстары қашан басталады?

255 рет қаралды


10 қараша 2016

Бағдаршамдар тапшылығы

Біріншіден, Атырау-Доссор трассасынан Мұнайшы ықшамауданына бұрылу қауіпті. Әкімшілік полиция басқармасы өткен жылы осы жерде бағдаршам орнатуға уәде берген еді. Ол қашан орнатылады?

430 рет қаралды


3 қараша 2016

Сізге сәлемдеме бар!

Кедендік акциздер салынбайтын қандай салмақтағы жүкті Қазақстанға алыс шетелден поштамен жіберуге болады? Поштамен жіберілетін тауардың бір түрі қандай мөлшерде болуы мүмкін?

354 рет қаралды


27 қазан 2016

Техникалық тексеруден өтуі тиіс

Бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстанда жылжымайтын мүлікке техникалық тексеру жүргізу және қайта жоспарлау саласында процедуралардың жеңілдетілгені туралы ақпарат тарады. Атап айтқанда: егер бұрын ішкі қабырғаның қалыңдығын 5 сантиметрден қалың етіп қайта жоспарлау үшін өкілетті органның (сәулет, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының) келісімі қажет болса (онсыз техникалық тексеру жүргізу қызметі көрсетілмейтін), енді негізгі арақабырғаларды қайта жоспарлаған жағдайда ғана оны заңдастыру қажет болады.

368 рет қаралды


8 қыркүйек 2016

Әуелі смета, сосын асфальт

Біз Өркен-2 ықшамауданының 5-ші көшесінде тұрамыз. Жол құрылысы бойынша жұмыстар қандайма бір себептермен тоқтап қалды. Біздің көшеде асфальт қашан пайда болады?

474 рет қаралды

Ақша болса, үй күреледі

Менің сұрағым Алтай көшесі, 7-үйге (көшеде барлығы сегіз пәтерлік бес үй бар) қатысты. Бұл тозығы жеткен үй 1952 жылы салынған, жөндеу көрмеген. Өткен жылы бұрынғы қала әкімі Н.Ожаев біздің үйдің тұрғындарымен кездесіп, үйлеріміздің жақын арада күрелетінін, ал бізді көшіретінін айтты. Бізді көшіре ме, жоқ па? Бұл мәселе қашан шешіледі?

463 рет қаралды

Жаңа маршруттар қажет

Мечников – Баймұқанов көпірімен Атырау ықшамауданынан қала орталығына қарай, мәселен, Балықшы поселкесіне дейін жүретін автобус маршрутын шығара ма? Қазір бұл көпірдің үстімен жалғыз №11 автобус маршруты (Жұмыскер – «Дина» базары) өтеді. Бірақ бұл жеткіліксіз.

458 рет қаралды


11 тамыз 2016

Жол жиегіндегі көлік

Күн сайын Құлманов көшесіндегі жол жиегінің екі жағына да (ТШО мен «Іскер» компаниясы ғимараттарының арасындағы шаршыда) көліктер қойылғанын көруге болады. Бұл көліктердің көпшілігі Атырау қалалық ІІБ қызметкерлеріне тиесілі. Осылайша қойылған көліктер бұл учаскедегі қозғалысты, әсіресе, қарбалас уақытта көлік қозғалысын көп қиындатады.

582 рет қаралды

Жұмыс беруші міндетті емес

Ашық бос орындарға үміткерлермен сұхбаттасу кезінде кейбір жұмыс берушілер есептен шығару хаттарын талап етеді. Осыған қатысты сұрағым бар. Бізде Атырауда ТШО, НКОК және т.б. компаниялардың жобаларына жұмылдырылған компаниялар көп. Бір компаниядан екіншісіне (немесе клиент компанияға) көшу кезінде жұмыс беруші көбінесе ағымдық компания басшылығынан басқа фирмамен келіссөздер жүргізу келісімін растайтын «есептен шығару хатын» талап етеді.

493 рет қаралды

Жер теліміне бақылау жасалады

– Біздің қалада жеке сектордағы жер телімдерінің, коммерциялық құрылыстар мен жалғамаларды рәсімдеу кезінде алынған үй аумақтарының шекарасына қадағалау жасайтын мекемелер бар ма? Жер телімдеріне кадастрлық төлқұжаттарда көрсетілген мәліметтерді нақты шекаралармен салыстырып, бақылау жасайтын кім?

563 рет қаралды


21 шілде 2016

Орынсыз талап

Банкке жұмысқа орналасқан кезде менен сауалнама толтырып, ата-анам мен балаларымның мекен-жайын көрсетуді өтінді. Жұмыс берушінің талабы заңды ма?

533 рет қаралды

Сотсыз болмайды

1944 жылы әке-шешем Қырым АКСР-нен Қазақстанға жер аударылды. Мен ата-анам арнайы қоныста болған кезде дүниеге келіппін. Бұған КСРО ішкі істер халық комиссариаты берген туу туралы куәлігім дәлел бола алады. Мен ақтау туралы анықтама алу үшін облыстық прокуратураға жүгінген едім, алайда деректі мұрағат мәліметтерінде қуғын-сүргіннің қолданылу фактісінің: менің және менің ата-анамның арнайы қоныстың тіркеу есебінде жоқтығына байланысты маған анықтама беруден бас тартты...

511 рет қаралды


23 маусым 2016

Бәрі тұрғындар есебінен шешіледі

Біздің үйдегі терможаңғырту бағдарламасы аясында осыдан үш жыл бұрын орнатылған лифт еш себепсіз тоқтап қала береді. Оны орнату үшін біздің 9 млн теңгеміз шығындалды, яғни, ай сайын 2,5 мың теңгені әлі күнге төлеп келеміз. Енді біз лифт жұмысы үшін кімге шағымданамыз?

580 рет қаралды

Алғашқы тұрбаға дейін

2007 жылы жұбайым екеуміз жер телімін алуға өтініш берген едік. 2012 жылы бізге Водниково-3 поселкесінен жер телімін берді. Қолымызға жер телімін бөлу туралы актінің көшірмесін алдық. Сонымен болды. Әлі күнге дейін «бегунок» жасай алмай жүрміз, өйткені, қала әкімінің тиісті шешімі жоқ. Әлденеше рет қалалық сәулет бөліміне хабарластық, ол жақтағылар үнемі аз ғана күту керектігін айтады. Нені және тағы қанша күту керек?

620 рет қаралды

Неге тыйым салынған...

Бізде нені, қайда және кімді фотосуретке түсіре алатыным туралы нақты жазылған заң бар ма? 9 мамыр қарсаңында мен Мәңгілік алауға гүл шоғын қою әзірлігін суретке түсірген болатынмын.

716 рет қаралды


9 маусым 2016

​Тағы да жер туралы

– Тұрғын үй құрылысы үшін жер телімін алуға өтініш берейін деп халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ондағылар маған қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінен жер телімін алатын жердің көшірмесін алып келуім керек екенін айтты. Ал, қалалық сәулет бөлімінде маған ондай анықтама берілмейтінін айтты. Жер телімін берудің нақты тәртібін түсіндіріп берсеңіздер екен.

819 рет қаралды

​Алалаушы маршрут

- Мен Дамбы селосынан қалаға қатынайтын №50 маршруттағы келеңсіз жағдай туралы айтқым келеді. Кондуктор автобуста екі зейнеткерден артық мінген зейнеткерден жолақысының толық көлемін талап етеді. Неге мен зейнет жасыма қарамай түгел төлеуім керек?

608 рет қаралды

​Су қайта толды

- Нұрсая ықшамауданындағы №55, 57 үйлердің кәріз жүйесі дұрыс жұмыс жасамайды, әлсін-әлсін тасып, үйлеріміздің алды шіріген шалшыққа айналды. Бұған дейін бірнеше жерлерге хабарласып, жағдайымызды баяндадық, қалалық әкімдік, қалалық тұтынушылар құқығын қорғау басқармасы, Нұрсаядағы коммуналдық қызмет көрсету мекемесіне арыз түсірдік. Бірақ мәселеміз әлі шешілмей тұр. Терезелерімізді аша алмаймыз, есік алдына шығып отыра алмаймыз, себебі, шіріген судың иісі мен оған жиналған маса, шіркейлер мұрша бермейді.

562 рет қаралды


2 маусым 2016

Балаңыздың қасында болғыңыз келсе, ақы төлеңіз

Отбасы мүшелері ауруханада мынадай жағдайға тап болды: егер баланың жасы 3-тен асқан болса, онда ол ауруханаға жалғыз жатқызылады екен. Ал, ата-аналары бірге жатуды қадала өтінген жағдайда ақы төлеуге тиіс. Облыстық балалар ауруханасында бір тәулік үшін 1 800 теңге төленсе, жұқпалы аурулар ауруханасында – 1 600 теңгеден. Әрі олардың қай-қайсысында да қосымша төсек берілмейді. Бұл сонда қайдан шыққан тәртіп, ақшаны қандай негізге сүйеніп алып отыр?

652 рет қаралды

Лизаға грант бұйыра ма?

№30 мектепте біздің балаларымызбен бірге бір сыныпта С.Қазыбаев атындағы №1 балалар үйінің тәрбиеленушісі Лиза САФРОНОВА оқиды. Ол өте жақсы оқиды, үнемі түрлі олимпиадалар мен жарыстарға қатысады.

537 рет қаралды

Жеделдік үшін қосымша ақы

Мен жеке бас куәлігімді жоғалтып алдым. Ал, қазір ол маған шұғыл қажет болып қалды, өйткені, біз пәтер сатып алу құжаттарын рәсімдеп жатырмыз. Бұрынғыша газетке құжаттардың жоғалғаны туралы хабарландыру беру және үй кітапшасын көрсету міндетті ме? Және куәлікті жедел түрде алу қанша тұрады?

574 рет қаралды

Страницы:1234...35

предыдущаяследующая

1 2 3 4 5