Атырау, 21 желтоқсан 02:54
 бұлттыВ Атырау -1
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Атырауда өткен көп адам жиналған 4 сағаттық митинг облыс әкімінің уәдесінен кейін аяқталды

Сурет Бейнежазба
22 423 просмотра

қала әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ

Бүгін, 24 сәуірде Атырауда Исатай-Махамбет алаңында 100-ден астам адам рұқсат етілмеген митингке шықты. Олар жерді cатуға және шетелдіктерге жалға беруге мүмкіндік беретін Жер кодексіндегі өзгерістерге қарсы наразылық білдіруде.

Қаладағы белсенділер заңға сәйкес, он күн бұрын қалалық әкімдікке 24 сәуірде митинг өткізуге өтінім берген еді, бірақ оларға рұқсат беруден бас тартылды. Сөйтіп адамдар өздері жиналды. Митингке шығушыларға Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек ОЖАЕВ, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ келді. Олар жиналғандарға жаңа Жер кодексінде Қазақстанның егемендігіне қауіпті ештеңе жоқ екендігін түсіндіруге тырысты, алайда оларды дұрыс тыңдамады. Белсенділердің сөздерін тыңдаған қала әкімі митинг позициясын облыс әкіміне жеткізуге уәде берді. Белсенділер өз кезегінде адамдарды "арандатуға берілумеуге", митинг бейбіт болу үшін өздерін тәртіпті ұстауға шақырды. Алаңда полиция мен "штаттық" киімдегі адамдар көп болды.

Әкім, қала прокуроры және басқа да лауазымды тұлғалар митингіден кетті. Алаңда көптеген адамдар, соның ішінде әйелдер мен балалар қалды. Жиналғандар арасында ауыл тұрғындарының көп екені байқалады. Алаңда адамдар уақыт өткен сайын молая түсуде.

Алаңдағы митинг жалғасып жатыр, Қарабатаннан және облыстың басқа да мұнай поселкелерінен вахташылар келіп, мінбеге шығып, өздерінің белсенді ліктерін танытуда. Жергілікті уақыт сағат 14.00 шамасында (Астана уақытымен 15.00) алаңға жиналған халық мыңнан асты.

14.30. Алаңға Атырау облысының әкімі Нұрлан НОҒАЕВ келіп, митингіге шығушылармен келіссөздер жүргізді. Облыс әкімімен келіссөзде ереуілші халық таңертең құқыққорғаушы органдар көтерген 8 азаматтық белсендіге қатысты қылмыстық істі тоқтатуды талап етті. Бұл оның құзіретінде еместігін мәлімдеген облыс әкімі алаңнан кетті. Микрофондар жұмыс жасамайды және халықтың шуынан сөз сөйлеушілердің сөздері анық естілмейді. Әкім кеткеннен кейін митингішілер қала прокуроры Руфат ҚҰТТЫҚОВТЫҢ атын атап, оған да осы талаптарды қойды.

15.30-да наразылыққа шығушылармен Атырау қаласының әкімі Руфат Құттықов келіссөзге кірісті. Одан халық алдында жоғарыда аталған 8 белсендіні және бүгінгі митингіге қатысқандардың бірде-бірін жауапқа тартпаймыз деп сөз беруін талап етті. Прокурор мұндай уәде беруге құқылы еместігін айтып, бәрі заң жүзінде шешіледі деп мәлімдеді.

16.00-де облыс және қала әкімдері алаңға оралып, адамдармен келіссөздерін жалғастырды.Облыс әкімі митингіге қатысушыларға ешкім қудаланбайтынын мәлімдеді. Жиналғандар оның халық алдында уәде беруін талап етті. Әкім бұған өзінің қашан да өз сөзіне жауап беретінін айтты. Ереуілшілер тарапынан жерді сату және жалға беруді тоқтату туралы талаптар қойылды. Митинг белсенділері жиналғандарға облыс әкіміне Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы митингіге шығушылардың талаптарын үкімет пен парламентке жеткізуге уақыт берейік деп өтініш жасады. Екі жақ 21 мамыр күні сағат 11-ге дейін ереуілшілер қол қойған арызға жауап берілуі керек деп келісті. Митингіде сөз сөйлегендердің бірі «бүгін осы алаңда мыңбыз, егер жерді сатып немесе жалға беріп жатса, миллион боламыз» деп айтты.

Нұрлан Ноғаев Атырау облысының ең үлкен лауазым иесі ретінде құқыққорғаушы органдар жоғарыда аталған 8 азаматтық белсенді, сондай-ақ бүгінгі митингіге қатысушылар қудаланбайды уәде берді. Осыдан кейін белсенділер адамдарды тарауға шақырды. Осылайша, облысымыз тарихындағы ең ауқымды рұқсат етілмеген митинг 4 сағатқа жуық уақытқа созылып, аяқталды.

16.30-да митингіге қатысушылардың арасындағы бір ақсақал бата беріп, ереуілшілдер бейбіт тарай бастады.

Азамат МАЙТАНОВ

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

Айнұр САПАРОВА

Суреттер мен бейне жазбаны түсірген авторлар






24 сәуір 2016, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.