Атырау, 20 желтоқсан 23:20
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингілері» туралы іс: Куәгерлерден жауап алу жалғасуда

Сурет Бейнежазба
6 057 просмотра


28 қазанда Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВТЫҢ адвокаттары таңертеңнен бері тек бір өтініш берді. Қорғаушы тарап жауап алуға қатысу үшін сотқа іс материалдарын аударған аудармашыны шақыртуды өтінді, алайда өтініш қанағаттандырылмады.

Осыдан кейін Қарабатандағы мердігер мекемелердің қызметкерлері болып табылатын бірнеше куәгерден жауап алынды. Жастар Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың белсенді азаматтық ұстанымдарымен таныс екендіктерін, Фейсбук әлеуметтік желісінен олардың посттарын әлденеше рет оқығандарын айтты. Кейбіріне тіпті сотталушы Аяновпен хат жазысуға тура келген. Бүгін жауап алынған бүкіл куәгерлердің мойындауынша, Исатай мен Махамбет алаңына олар біреудің қолқалауымен емес, өз қалауларымен барған. Жер митингі туралы интернеттен немесе әріптестері мен достарынан білген.

Кезекті куәгер К. Б. де оқиға хронологиясын егжей-тегжей, ұзақ баяндады. Сонымен қатар, Талғат Аяновтың оған қыз бала болғандықтан үйде қалуға немесе оқиғаның қақ ортасына кіріспей, телефоннан митинг трансляциясын жүргізуге кеңес бергенін еске салды. Осы жерде судья Г. ДӘУЛЕШОВА ҰҚК тергеушілерінің жауап алу хаттамасына жазылған оның бастапқы жауабын оқыды: «Аянов елбасы Қазақстан жерін шетелдік азаматтарға, соның ішінде қытай халқына сатып жатыр деп белсенді үгіттеу жұмыстарын жүргізді және Аянов барша жанды Атырау қаласында 2016 жылдың 24 сәуірінде өтетін митингке қатысуға шақырды».

- Осындай болды ма?

- Иә. Мен және басқа қолданушылар оның сөзіне сеніп, қолдау көрсеттік.

Талғат Аяновқа сөз берген кезде, ол бірнеше нақтылаушы сұрақтар қойды:

- Сіз Қытайға жер сату туралы мен жазды деп сондай сеніммен баяндап тұрсыз. Менің парақшам қазір ашық, мен оны қозғаған жоқпын, сіз менің қашан және қандай формада не жазғанымды нақты айта аласыз ба? Өйткені мен парақшамда не бар екенін білемін, мен мұндайды айтқан да, жазған да жоқпын.

Куәгер К. Б. ақпарат көп болғандықтан жаңылысуы мүмкін екенін айтты:

- Бәлкім, бұл пайдаланушылардың комментарийлері шығар, қазір нақты айта алмаймын...

Куәгерлерден жауап алғаннан кейін судья процестің 2 қарашада таңертеңгі сағат 10-да жалғасатынын хабарлады.


Марат ТАКУЛИН

Суретті және бейнежазбаны түсірген автор

28 қазан 2016, 03:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.