Атырау, 20 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

«Жер митингілері» туралы іс: Электрониканы алдай алмайсың

11 107 просмотра

10 қараша күні сот отырысы күтпеген жерден аяқталды. Түскі үзілістен кейін тараптар Фейсбук әлеуметтік желісіндегі Талғат АЯНОВТЫҢ жеке парақшасының скриншоттарын зерттеумен айналысты. Судья Фейсбуктағы Макс БОҚАЕВТЫҢ парақшасының скриншоты бар дискіні қосқан кезде жанжал басталды.

Макс Боқев:

- Бұл құжатты дауыстап оқып шығуды өтінемін. Құрметті прокурорлар, сіздер мұндайға қалай жол бердіңіздер? Тексеру хаттамасында: өткізу орны – Атырау облыстық ҰҚКБ ғимараты деп жазылған. Бұл бүкіл қылмыстық істің мәліметтерін ең басынан бастап айқын бұрмалау екенін білдіреді.

Қорғаушы Жанаргүл БОҚАЕВА:

- Қылмыстық істің №53 томында скриншоттар келтірілген және облыстық ІІД аға тергеушісі Руфат ЖҰМАҒАЛИЕВ толтырған 2016 жылғы 16 мамырдағы тексеру хаттамасы бар. Мұнда тергеу амалдары өткізілген жер облыстық ІІД ғимараты деп көрсетілген. Алайда ол мүлдем басқа мекенжайда орналасқан. Бүгін заттай айғақтармен танысу кезінде біз тексеру хаттамасын таптық, онда тексеру жасалған жер – ҰҚКД, Атырау қаласы, Сәтпаев көшесі, 20 «а» үй деп көрсетілген.

Оның үстіне, осы электронды дискінің ерекшелігін қарау кезінде құжаттың 17 мамырда түнгі сағат 3-тен 35 минут кеткенде өзгеріске ұшырағаны анықталды. Ал облыстық ІІД толтырған тексеру хаттамасына сәйкес, оны ресімдеу 16 мамырда сағат 22-де басталып, 23 сағат 11 минутта аяқталған. Заң бойынша дискіге сүргі салынуы және ол ешқандай өзгерістерге ұшырамауы тиіс. Құрметті сот, бұл біз әлденеше рет айтқан және қазір бақылап отырған қылмыстық іс материалдарын айқын бұрмалау болып табылады.

Макс Боқаев:

- Мен істің облыстық ҰҚКД-ге 16 мамырдан кейін - маусымда берілгенін атап өтемін. Мен облыстық ІІД тергеушісінің ҰҚКД ғимаратында кешкі сағат 23-те не істегенін түсінбеймін. Менің парақшама кіру үшін «Евгения» аккаунты қолданылды. Ол монитордың оң жағынан көрініп тұр. ІІД немесе ҰҚК-ға әйел псевдонимін бүркену жараспайды.

Ж. Боқаева:

- Тергеуші Жұмағалиев хатта Макстың парақшасына қалай кіргені туралы жалған алгоритмді суреттейді.

М. Боқаев:

- Егер қылмыстық іс материалдарының қағаз нұсқасы электронды нұсқасына сәйкес келмейтін болса, онда материалдарды қалай зерттеуге болады?!

Ж. Боқаева:

- Бұл - бүкіл ұйғарынды нормаларды айқын бұзушылық. Бұл бір кабинетте куәгерлерден екі тергеуші жауап алған кішкентай қателік емес. Мен айыптау актісіне негіз болып отырған сарапшылардың қорытындылары туралы айтып отырмын. Құрметті сот, мен сізден осыны түсінуді және бұған тиісті баға беруіңізді өтінемін.

М. Боқаев:

- Сотқа дейінгі тергеу кезеңінде мен бүкіл айыптау материалдарымен танысқым келетіні туралы өтініш жаздым. Алайда маған мұны жасауға мүмкіндік бермеді. Менің қорғаушыларым осы электронды тасымалдаушыларды ашқан кезде қатысуға рұқсат етуді өтінгенде, сіздер, прокурор мырзалар, бұған рұқсат бермедіңіздер. Қазір біз танысқалы отырған скриншоттардың барлығы бұрмаланған деп ойлаймын. Мен жүргізілген сараптама бойынша егжей-тегжей сараптама жүргізуді талап етемін. Мен бұл скриншоттарды қарағым келмейді.

Ал судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВА 11 қарашада куәгер ретінде қосымша жауап алу үшін ІІД тергеушісі Жұмағалиевты шақыруға шешім қабылдады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 қараша 2016, 10:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.