Атырау, 20 желтоқсан 23:13
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингілері» туралы іс: Апелляция шешімін сағат 18-де жариялайды

9 466 просмотра

19 және 20 қаңтарда Атырауда Макс БОҚАЕВ мен Талғат АЯНОВТЫҢ ісі бойынша апелляциялық шағымды қарау жалғасты. Жақында ғана ағасының қорғаушысы болған Жанаргүл БОҚАЕВА бірінші инстанция сотының шешімімен барлық детальдары бойынша келіспеді (оның сөйлеген сөзі кейін жарияланатын болады).

Бүгін, 20 қаңтарда таңертеңгі сағат 10-да алдыңғы күндердегі секілді сот ғимаратына сотталушыларды қолдау тобы жиналды. Сот приставтарының бірі келгендерге ашулы түрде:

- Мына жерде барлығыңыз бірдей не істеп жүрсіздер, бұл жерде не әулиелерді соттап жатыр ма? Кім ол сондай? – деді.

Сәлден соң таңертеңгілік отырыс басталды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасынан үкімді күшінде қалдыруды сұраған прокурор Айнұр ЕҢСЕПОВАНЫҢ сөйлеген сөзі бұл отырыстың басты бөлімі болды. Судьялар шешімнің сағат 18-де жарияланатынын айтып, кеңес бөлмесіне кетіп қалды.

Ал бұдан кейін қолдау тобындағы адамдар әлгіндегі сөзуар сот приставын қоршап, алқымынан қысып, Боқаевтың анасынан кешірім сұрауды талап етті. Кешірім сұраудан бас тартқан оны облыстық соттың қауіпсіздік қызметінің бастығы алып кетті. Бірнеше минуттан соң олардың екеуі бірдей оралып, пристав кешірім сұрады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген автор

20 қаңтар 2017, 14:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.