Атырау, 20 желтоқсан 22:57
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингілері» туралы іс: Макс Боқаев пен Талғат Аянов процессуалдық келісімнен бас тартты

Толықтырылды Сурет Бейнежазба
6 578 просмотра


27 қазанда азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аяновтың сот процесінде куәгерлерден жауап алу жалғасты.

Бірінші өзін ІІМ арнайы мақсаттағы жасақтың кезекші қызметкерімін деп таныстырған Есенжан ЕСЕНҒАЛИЕВТЫ шақырды. 24 сәуірде ол өз әріптестерімен бірге қызметін атқарған және басшылығының бұйрығы бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз еткен. Есенғалиев сол күні «жер» митингісін көзімен көргенін хабарлады. Алайда Макс Боқаев пен Талғат Аяновты өзі көре алмаған. Оның тобының міндетіне бұйрыққа бағынбай, Исатай мен Махамбет алаңына баруды жалғастырған тұлғаларды ұстау кірген. «Тыңдамағандарды біз көлікке отырғызып, тірек пунктіне апардық, агрессиялы немесе қаруланған адамдарды кездестірген жоқпын», - деп әңгімеледі полицей.

Келесі куәгерді тыңдауға көшпес бұрын №2 қалалық сотының судьясы Гүлнар Дәулешова билік жауып тастаған ADAM bol журналының редакторы Гүлжан ЕРҒАЛИЕВАНЫҢ және «Жас Алаш» газетінің редакторы Рысбек СӘРСЕНБАЙДЫҢ өтінішін оқыды. Олар осының алдында Атырауға келген еді. Хатта оларға сотталушылармен процессуалдық келісімін жасау мүмкіндігі туралы сөйлесуге рұқсат беру өтініші айтылған. Сотталушы Макс Боқаев өз ұстанымын дереу білдірді: «Мен осы құрметті адамдармен кездесер едім, бізде сөйлесу үшін тақырып табылатындығына сенімдімін. Бірақ, мен айтып өткенімдей, іс жүргізу келісіміне келіспеймін және оған бармаймын». Талғат Аянов бұл мәселе бойынша оны толықтай қолдады. Дегенмен, кездесу туралы мәселені судья ашық қалдырды. Сот отырысы аяқталғаннан кейін біз Г.Дәулешованың редакторлардың сотталушылармен кездесу туралы өтінішін қабыл алмағанын білдік. Әлеуметтік желідегі Г.Ерғалиеваның постына сүйенсек, ол Боқаев пен Аяновтың митингтер өткізу тәртібі туралы әкімшілік заңнаманы бұзғандығы айқын деп есептейді және оларға тек осы тұрғыда ғана өз кінәлерін мойындап, ұзақ мерзімді жазасы бар қылмыстық баптар бойынша кінәлі екендіктерін теріске шығаруды ұсынады. Бұл, оның пікірінше, сотталушылардың түрмеге отырмауына мүмкіндік береді. Егер біз қателеспесек, Ерғалиева мен Сәрсенбай ұсынған іс жүргізу келісімінің мәнісі де осы еді.

Қысқа үзілістен кейін отырыс залына келесі куәгер - Алдаберген ЖАРЫЛҒАСЫНОВ шақырылды. Ол Талғат Аяновтың туысы (бажасы) болып келеді екен, әрине, онымен жиі байланысып тұрған. Куәгер жер митингісіне дейін Талғаттың онымен алдағы болатын оқиға туралы сөйлескенін айтты. Оны да, әріптестерін де (Жарылғасынов мұнай саласында жұмыс жасайды) митингке шақырып, оның телефонына 24 сәуірде алаңға шығуға үндеген фотосуреттер жолдаған. «Талғат митингке шығу – біздің ортақ парызымыз. Ата-бабаларымыздың жерін қорғау керек, әйтпесе, біздің балаларымыз қытайлықтардың құлына айналады» деді, деп мәлімдеді Жарылғасынов. Талғат Аянов мұны жоққа шығармады. Алайда куәгерге ешкімді зорлап, соның ішінде, оны, Жарылғасыновты митингке сүйремегенін еске салды. Оның үстіне, содан кейін ол оған және басқа таныстарына қалалық прокуратураның жер митингісін өткізуге тыйым салғанын әлденеше рет хабарлаған.

Сот отырысы 28 қазанда жалғасады.


Марат ТАКУЛИН

Суретті түсірген автор

27 қазан 2016, 00:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.