Атырау, 20 желтоқсан 23:16
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

«Жер митингілері» туралы іс: Халықаралық жанжалдың иісі

Толықтырылды
6 106 просмотра

Дүйсенбі күні, 14 қарашада сотта заттай айғақтармен, яғни Талғат АЯНОВТЫҢ телефонмен сөйлескен аудиожазбаларын зерттеу жалғасты. Бірақ алдымен маман ретінде Атырау облыстық ІІД кинология қызметінің бастығы Серік АЙТБАЕВ тыңдалды.

Айтпақшы, судья Гүлнәр ДӘУЛЕШОВАНЫҢ Айтбаев сотталушылармен таныс па деген хаттамалық сұрағына Макс БОҚАЕВ жауап берді:

Оның інісі Нұржан екеуміз бір сыныпта оқыдық. Серікпен жақсы таныспын.

Облыстың бас кинологы сотқа: «қызметтік ит Семейде куәгер Марлан ЕСІЛБАЕВТЫ тінту кезінде тәркіленген сөмкедегі және футболкадағы Талғат Аяновтың болжамды иісін анықтай ала ма?» деген сұраққа жауап беру үшін шақыртылған еді.

Әуел бастан осынау заттай айғақтарды сақтау шарты бұзылған. Пакет ашылған, заттар ұсталған. Оған қоса маңызды фактор – 15-20 күндік мерзім баяғыда өтіп кетті (тінту кезінен бастап төрт ай өтті – М.С.) . Ит иісті анықтайды деп кепілдік бере алмаймын. Оның пайдасы жоқ, - деп жауап берді маман.

Сот залында Қазақстандағы Франция елшілігінің бірінші кеңесшісі Даниель-Ив ТОПЕН және Қазақстандағы Германия елшілігінің бірінші хатшысы Джонни КРАМЕР отырды. Олар бір күнге бақылаушылар ретінде қатысуға келген болатын.

...Түскі үзілістен кейін Талғат Аяновтың телефон әңгімелерінің жазбаларын зерттеу жалғасты. Оның 7 мамырда Алматыдағы АҚШ Бас консулдығына шалған қоңырауы назар аудартты. Дипмиссиядағы ер адамның дауысы қазір мейрам екенін айтып, «арғы күні» қайта қоңырау шалуды өтінді.

Аянов судьядан өзінің осы қоңырауын түсіндіруге мүмкіндік беруді өтінді. Бірақ судья бұл өтінішті елемеді. Сіздің тілшіңіз үшін ахуалды жергілікті «Заман» ҮЕҰ құқыққорғаушысы Әсел НҰРҒАЗИЕВА айқындады. Оның айтуынша, сәуірдегі митингтен кейін еліміздің бірнеше өңірінде бір телеарнаның ұсынуымен көптеген БАҚ-тарда митингке шығушыларға 150 доллардан төлепті, ал АҚШ Бас консулдығы қаржыландыру көзі болып табылады деген ақпарат тарап кеткен. Сондықтан Талғат ештеңеден қауіптенбей, осыған қатысты американдық дипломаттардан комментарий есту үшін сол жерге қоңырау шалған. Әңгіме болмай қалған, алайда енді белгілі болғандай, тергеу ісі ол үшін басқа «демеушіні» - Шымкенттен тапқан.

Келесі жазба тыңдалғаннан кейін Аянов ол жердегі дауыс өзінікі еместігін үзілді-кесілді мәлімдеді. Айта кету керек, ол жердегі сөздер ұғынықсыз. Макс Боқаев та сотқа жазба сапасы өте төмен екендігін, сондықтан оның дәлел бола алмайтынын айтты. Кешке қарай сот оның өзінің телефон әңгімесінің жазбаларын зерттеуге кірісті.

Әлия Қайырова

14 қараша 2016, 17:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.