Атырау, 20 желтоқсан 22:39
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

​«Жер митингтері» туралы іс: Сотталушыларды торда қалдырды

5 745 просмотра

2 қарашада екі күндік үзілістен кейін азаматтық белсенділер Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты сот отырысы жалғасты.

Таңертең адвокаттар төрағалық етушіге процесс кезінде сотталушыларға «аквариум» деп аталатын әйнек қоршауда емес, өз қорғаушыларының жанында болуға рұқсат етуді өтінді.

Халықаралық пактіге сәйкес, сот алдында сотталушыларға қолкісен салынбауы, торда ұсталмауы немесе қандай да болмасын

қауіпті қылмыскер болуы мүмкін екендігін көрсететін кейіпте немесе жағдайда тұрмауы тиіс, - деп мәлімдеді Макс Боқаевтың қарындасы әрі қорғаушысы Жанаргүл БОҚАЕВА.

Судья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА бұл өтініш қаралып жатқан істің мәніне қатысты емес деп, өтінішті қанағаттандырмай тастады.

Түскі үзілістен кейін Қарабатанда жұмыс істейтін мұнайшылар мен Атырау қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Гүлмира ШӘКІРОВАДАН жауап алынды. Ол митинг өткізуге берілген өтініштер жөнінде хабардар екенін, осыған қатысты сотталушылармен өзінің сөйлескенін, бірақ оларды бетінен қайтаруға әрекет етпегенін айтты.

Марат ТАКУЛИН

3 қараша 2016, 14:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.