Атырау, 20 желтоқсан 23:00
 бұлттыВ Атырау -1
$ 524.02
€ 545.19
₽ 5.09

Боқаев пен Аянов 5 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасын алды

Сурет Бейнежазба
11 289 просмотра

Ақмарал БОҚАЕВА мен халықаралық бақылаушыСудья Гүлнар ДӘУЛЕШОВА

28 қарашада Атырауда «жер митингісі» туралы іс бойынша сот процесінде Макс БОҚАЕВ пен Талғат АЯНОВҚА қатысты үкім жарияланды. Олардың екеуі де 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

ҚР ҚК-нің 174-бабының 2-тармағы («Әлеуметтік алауыздық тудыру») бойынша оларға 3 жыл бойына қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынумен қатар 5 жылға бас бостандығынан айыру, 274-бабының 4-тармағы («Көрінеу жалған ақпарат тарату») бойынша 5 жылға, 400-бабы бойынша («Жиналыстарды, митингілердi, пикеттерді, көше шерулерiн және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiн бұзу») – 250 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасын алды.

Қатаңдығы жеңілірек жазаны анағұрлым қатаң жазаға сіңіру ережесі бойынша соңғы үкім – жалпы режимдегі колонияда 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы.

Адвокаттар Нұрбике ЕСКЕНДІРОВА мен Ерболат ИМАНҒАЛИЕВ үкімге шағымданатындықтарын мәлімдеді.


Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Фотолар мен видеоны түсірген Марат Такулин

28 қараша 2016, 11:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.