Атырау, 19 желтоқсан 22:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.55
€ 602.09
₽ 6.42

Индер ауданы Есбол ауылында қызметтік үйлер апатты жағдайда

Сурет
591 рет қаралды

Есбол ауылында үйлердің бір бөлігі ескірген, екі пәтерлі бір үй өрттен кейін екі жыл бойы қирап тұр, ал тұрғындар бұл үйдің қашан жөнделетіні, болмаса сүрілетінін білмей дал. Бұл мәселе қашан шешілетінін де біле алмай отыр.

Есбол ауылында бірнеше жылдан бері отбасындағы жанжалдан кейін өртеніп кеткен, жартылай қираған үй тұр. Жергілікті тұрғындар ол қираған үй неге сүріліп тасталмай жатырғанын түсінбейді. Ал ауылда қызметтік пәтер жетіспей жатыр.  

2018 жылы Есбол ауылында он, 2008-2010 жылы 4 үй салынған. Бүгінде осы қызметтік үйлер ескіріп, күрделі жөндеуге сұранып тұр. 

Зейнеткер Бағытжан Иманғалиев өртенген үйдің төрт қабырғасы қалқиып, қоқыс орнына айналған дейді. Бұл үй кезінде мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне арналған екен. 

- Бұдан екі жыл бұрын екі пәтерлік бір үй соламайымен өртеніп кетті. Уақытша тұрып жатқан үй иесі отбасылық жанжалдан кейін өртеп жібергені айтылды. Енді сол үйдің төрт қабырғасы қалқиып, қоқыс орнына айналған. Ал ауылда баспанаға зар болып жүргендер жетерлік. Осы жайды жергілікті әкімшілік неге шешпейді? - дейді ол. 

Есбол округі әкімінің орынбасары Ерболат Сабировтың айтуынша бұл үй 2023 жылдың желтоқсанында тұрғынның жауапсыздығынан өртеніп (суретте), қылмыстық іс көтеріліп, 3 жылға шартты мерзімге сотталғанын және 13 млн теңге залал келтіргенін айтты. Кейін әкімдік Астана сарапшыларына жүгінгенде 52 млн теңге шығын келтірілгенін, үйдің мүлдем жарамсыз, күреп қайта салу қажеттігі жөнінде қорытындысы шығарылған. 

Сонымен бұл қорқынышты үй осы күйінде қанша жыл тұратыны белгісіз. Ал осы ауылдағы қызметтік үйлердің күйі кетіп тұр, күрделі жөндеуді әбден қажет етуде. 2022 жылы шатыры мен жылуы ауыстырлған, бірақ проблема сол күйінде тұр.

Аудандағы өзге елді мекендердегі жағдай қандай?

Қызметтік баспана ауылдық округтердің теңгерімінде. Индербор кенті бойынша 77 қызметтік үй бар. Елтай ауылында 8 үй болса, оның біреуі апаттық жағдайға жеткен. Бөденеде - 6, Өрлікте - 5, Ынтымақ ауылында - 2, Көктоғай ауылында 4 қызметтік үй есепте тұр. Бұл үйлер 2014-2025 жылдары қолданысқа берілген. 

Аудандық баспасөз қызметі қызметтік пәтерді берудің өз тәртібі бар деп түсіндірді. Келісім шартта үйді күтіп ұстау қарастырылған. Егер қызметкер жұмыс орнын ауыстырып, үй мемлекетке қайтарылып, тапсыру кезінде қабылдап-тексеру актысы жасақталады. Үйлер әкім аппараты қызметкеріне, құқық қорғау, мұғалімдер, дәрігерлер, ветеринар, спорт, өнер мектебі мамандарына беріледі. Күні бүгінде Елтайдан стомотолог, ветеринар, Көктоғайда қобыз мұғалімі үй сұраған.

Жартылай болса да жөнделіп, баспана қоры жаңартылуына қарамастан, Индер ауданындағы қызметтік баспана мәселесі әлі де өзекті. Дегенмен, жергілікті тұрғындар биліктің Есболдағы қираған үйді сүру мерзімін анықтап, тозығы жеткен қызметтік үйлерді жөндеу туралы шешім қабылдауын күтіп отыр. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 желтоқсан, 17:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.