
Алаяқтар қазақстандықтардың ақшасын иемдену үшін Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қызметкерлерінің атын жамылып жүр. Ведомство азаматтарды қаражатын қайтару немесе бұғаттан шығару үшін комиссия төлеуді сұрау алаяқтықтың белгісі болуы мүмкін екенін ескертті.
Агенттіктің түсіндіруінше, оның қызметкерлері алдын ала төлем талап етпейді, оның ішінде инкассация үшін де ақы сұрамайды. Сондай-ақ ведомствоның ақша қайтару немесе өтемақы төлеу бойынша ресми Telegram-боттары жоқ. Агенттік делдалдар мен бөгде аккаунттар арқылы да қаражат қайтармайды.
Реттеуші қылмыстық істі «реттеп беру» немесе қудалауды тоқтату туралы ақылы ұсыныстардан да сақ болуға шақырды. Агенттіктің түсіндіруінше, мұндай мәселелер құқық қорғау органдарының құзыретіне жатады.
Егер осындай қоңырау немесе хабарлама келсе, агенттік ақша аудармауға, банк деректемелерін, құпиясөздер мен SMS арқылы келген кодтарды хабарламауға кеңес береді. Ақпаратты ведомствоның ресми арналары арқылы тексеріп, күмәнді хабарламалар туралы полицияға хабарлау қажет.
В Атырау +1.6