Атырау, 16 қараша 17:53
 дождьВ Атырау +5.4
$ 444.30
€ 490.91
₽ 5.41

​Атырауда ресторан маңында салют атқан тұрғынға айыппұл салынды

31 рет қаралды

Атырауда Нұрсая мөлтек ауданындағы ресторандардың бірінің жанында пиротехника қолдану тәртібін бұзған қала тұрғынына 60 550 теңге айыппұл салынды.

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты А. есімді азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 436-бабының 2-бөлігі (Пиротехникалық бұйымдарды қолдану тәртібін бұзу) бойынша әкімшілік істі қарады.

Сот тергеуі барысында құқық бұзушының қоғамдық орын маңында пиротехникалық бұйымдарды белгіленген ережелерді сақтамай пайдаланғаны анықталды. Оның айыбы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, видеожазбамен және істегі басқа да дәлелдемелермен толық расталды.

Сот шешімімен азамат кінәлі деп танылып, оған 60 550 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды. 

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бүгін, 17:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.