Атырау, 17 қараша 00:58
 дождьВ Атырау +2.7
$ 444.40
€ 488.97
₽ 5.39

​Атырауда жаңа «Сәлем»​ көтерме сауда орталығы ашылды

19 рет қаралды
Сурет: Өңірлік коммуникация қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырауда  кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарлама аясында «Сәлем» көтерме сауда орталығы ашылды. Жобаны жүзеге асыру кезінде 10 жұмыс орны ашылды.

Бастама ҚР Сауда және интеграция министрлігінің кәсіпкерлікті субсидиялау бағдарламасы аясында қолға алынып, Атырау облысының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының қолдауымен жүзеге асқан.

Жоба «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арқылы қаржыландырылып, несиеге «Даму» қорының кепілдігі берілген. Бөлінген қаражатқа кәсіпкер сауда нысанын ашты. 

«Даму» қорының Атырау облысындағы өңірлік филиалының директоры Берік Қадыровтың айтуынша, бағдарлама аясында соңғы екі жылда өңірде 33 жоба жүзеге асырылды. 

«Мемлекеттік қолдаудың басты мақсаты – кәсіпкерлерге өз ісін дамытуға, жаңа жобаларды іске асыруға және жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау» – деді Б.Қадыров.

Орталықтың ашылу рәсімінде алғашқы келушілерге бірқатар тауар жеңілдетілген бағамен сатылды.

Бүгін, 00:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.